Бос орынға конкурс жариялау » «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(776) 404-00-02
Оқу ісі орынбасары:
+7(776) 156-48-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2024

Бос орынға конкурс жариялау

Информатика пәнінің мұғалімі қызметіне конкурс


Түркістан облысы «Білім басқармасы» Арыс қаласы  «Білім бөліміне» қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ !!!

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (0.8 сағат)

ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ!!!

ЕСКЕРТУ!

Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259  бұйрығына сәйкес жүргізіледі.


КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:


1.Лауазым: Информатика пәнінің мұғалімі уақытша 

2.Лауазымдық жалақысы: 100000-130000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)

    3.Оқыту тілі: қазақ тілі 

4.Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    5.Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 02 қыркүйек-10 қыркүйек аралығы 

6.Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан, Түркістан облысы Арыс қаласы Ж.Асылбеков көшесі №4 ғимарат. Анықтама байланыс телефоны: +77053233876 электронды почта:  school_seyfullin@mail.ru

Лауазымдық міндеттері

 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;ата-аналарға кеңес береді; кәсіби құзыреттілікті арттырады;еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;педагогика мен психология;пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; педагогикалық этиканың нормалары;медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар; құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру; еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілік талаптары:

Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі(педагогикалық)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Денсаулық жағдайы туралы анықтама

7) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

8) наркологиялық ұйымынан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,

Педагог-сарапшының

Педагог-зерттеушінің

Педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесеайелтс IELTS (IELTS) – 6,5балл; немесетойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив