1-сыныпқа қабылдауды жариялау
#Ақпараттандыру
"Арыс қаласының білім бөлімі" ММ-не қарасты С.Сейфуллин атындағы ЖББМ базасында "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына (24.06.2020 жылғы №264 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен қоса алғанда) сәйкес бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Қызметті білім беру мектептерінде алу (қажетті құжаттар):
1. Өтініш;
2. Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасын(жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (063/у нысан және 026/у-3 нысан);
4. Баланың 2 данада 3×4 см өлшеміндегі фотосуреті;
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
Жауапты маман:
ДОЖЖО Сарманов Нұрғали
тел: 87765088000
Бастауыш пән бірлестік жетекшісі:
Калымбетова Мадина
тел: 87716635872
Хатшы: Исмаилбек Асылжан
тел: 87718726232
Мекен жай: Түркістан облысы, Арыс қаласы, Ж.Асылбеков көшесі, №4