2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша » «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(776) 404-00-02
Оқу ісі орынбасары:
+7(776) 156-48-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша
31
желтоқсан
2024

2024-2025 оқу жылының ІІ тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша

#Педагогикалықшеберхана 
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 4-ші қараша күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты айының ашылу салтанаты өтті. 
Жоба үйлестіруші: ДБОЖО Г.Ахтаева 
Жоба жетекшісі: қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова 
Жоба сарапшылары: мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева 
🔹️Жобаның мақсаты: Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
🔹️Жобаның міндеті:
▫️ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▫️ оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
🔹️Жобаның өзектілігі: 
2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып 5-10 сынып оқушылар арасында 9 айға жоспарланған тоғыз ұлы тұлғаларды ұлықтау мақсатында жүргізу.
https://www.facebook.com/share/p/15qYwWFmLe/

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «АДАЛДЫҚ АРДЫҢ ІСІ» тақырыбында сурет байқауы өтілді.
⚜️Арыс қаласының “Білім бөлімі” мемлекеттің мекемесіне қарасты, “С.Сейфуллин жалпы білім беретін мектеп” «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы аясында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, құқық бұзушылықтың барлық түріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.
✅Мақсаты:жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, белсенді азаматтық ұстанымды көрсету, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру
 ✅Еңбек пәнінің жетекшісі Исабекова Бота ұстаздың ұйымдастыруымен оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді.
https://www.facebook.com/share/p/19tLhoTJ5P/

             ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТІЛДІ.
"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында тәлімгер Т.Даулетбаева, мектеп психологы З.Жуманова, қыздар төрайымы Ж.Амалбекова, С.Жуманова мектеп медбикесі П.Алтынбекованың қатысуымен бірыңғай қыздар жиналысы өткізілді. 
✔️Мақсаты: 
  Қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағыт-бағдар беру, психоэмоциялық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету;
  Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы ете білуге бағыттау. Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу.
    Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар - болашақ ана, бақыт пен байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. 
    Жиналыс барысында қазақ қызының бейнесі және оның бойындағы асыл әрі көркем қасиеттері жайлы, жалпы бой түзетуге лайықты тұлғаның келбеті бейнеленіп, қыздар арасында психологиялық тұрғыда еркін өзара пікір алмасу жүргізді
https://www.facebook.com/share/p/1KJDxMMa7m/

“ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде  8-11 сыныптары арасында кезекті  "Балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және нашақорлықпен қаңғыбастықтың алдын алу" тақырыбында кезекті  жиналысы өтті.  
Мақсаты:Нашақорлық-ғасыр дерті екендігін,нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Мектептің  iшкi тәртіп ережелері таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысы қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, көлік айдамауы, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану және жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
https://www.facebook.com/share/p/1BmLiYpjbs/


Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин атындағы  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 7 қараша күні   "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Арыс қаласының Ішкі саясат бөлімімен бірлескен  іс-шара жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.
Тақырыбы: Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру.
Мақсаты: Діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады.Міне осындай  қауіпті жағдайға айналған әрекеттерді оқушылардың  іске асырып жаман әдеттерге елігіп кетуіне қарсы тұруды үйрету.
Жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Дүйсен Асхат, Арыс қаласының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Рыстай Назарбай қатысты.
https://www.facebook.com/share/p/16BW3ZnRar/

✅ “Тазалық - тәртіптің анасы”.
Мәдениет мекемесінде ұйымдастырылатын сенбілік - мекеменің аумағын тазалау, көріктендіру үшін ұйымдастырылатын  іс-шара. Бұл шара әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға, күтіп ұстауға  бағытталған.

https://www.facebook.com/share/p/1A2d2U8p4k/



          ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН
       АЛУ БОЙЫНША  БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
      ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛДЫ
     Түркістан облысы, Арыс қаласының Білім бөлімі ММ-не қарасты “С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында  08.11.2024 жылы білім алушыларға  жиналыс ұйымдастырылды.  
       🔹️ Қатысушылар: 
Мектеп директоры Г.Исаева.
АПБ-нің ЖПҚ ҚТІЖ инспекторы полиция лейтенанты Ж.Таттыбеков.
ДТЖЖО А.Байжанысов.
 педагог-психолог З.Жуманова. 
Ата-аналар,сынып жетекшілер.
Күн тәртібінде :
1.Құқықбұзушылықтың алдын алу;
2.Отбасындағы зорлық-зомбылық (ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау)
3.Оқушылардың сабаққа қатысуы және формасы
4.Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану
       🔹️Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. 
       🔹️ Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байжанысов ашып,   әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап,  жасөспірімдер арасында орын алатын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға шақырды.  
        🔹️Мектеп инспекторы Ж.Таттыбеков оқушыларға республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, оқушылардың қатысуымен орын алған құқықбұзушылық, мектеп пен оның айналасына тыйым салынған, қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын, жалған хабарламалар мен суық қаруды алып жүрудің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтіп,  кез-келген жағдайда құқықтық сауатты болуға шақырды. 
       🔹️Кездесуде оқушылар өз құқықтары, құқықбұзушылыққа байланысты жаза түрлері туралы құнды мәліметтер алып,  өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
https://www.facebook.com/share/p/15qEdRe8uN/

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ 
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 2024жыл 09 қараша күні мектеп ауласын және мектеп сыртындағы қураған шөптерден қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/p/15oSnTBNVE/

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  🌿🌿"Арыс қаласы Білім  бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты, "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  аясында сенбілік жұмыстары мектеп ауласын тазалау жұмыстары жалғасуда.
🌿🌿Акция мақсаты:
Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
https://www.facebook.com/share/p/168xBP9iGo/

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шахмат үйірме жетекшісі Сайлаубай Аслан ұстазымыздың жетекшілігімен 10.11.2024ж Шымкент қаласында өтілген "Қазақстан Шахмат Федерациясы"
Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы
Классикалық шахматтан "KazChess" Шымкент ашық квалификациялық турнирінде жүлделі І-орынды 5ә сынып оқушысы Құралбай Алихан иеленді.
6б сынып оқушысы Сейітжан Бақкелді жүлделі ІІІ-орынды иеленді. 
Сейітжан Бақкелді мен Құралбай Алиханға "Қазақстан Шахмат Федерациясы"
Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы бойынша филиалы ІV-разряд санаты берілді.
Жас шахматшыларға жеңістің тұғырынан көрінуіне тілек білдіреміз!
https://www.facebook.com/share/p/1BBCr8WRPG/

✔️ Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қарашаның 11 күні "БағдарLike" атты жаңа жобасының физика-математика бағыты бойынша  ІІІ кезеңнің бірінші "Daraboz" ғылыми-практикалық  сайысы жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы физика-математика пәндердің "AQYLжас іріктеу кезеңінен өткен  9  оқушы, 3 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 1 топ қатысушылары жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы құрамы физика пәнінің мұғалімі Д.Курманалиева, математика пәнінің мұғалімдері Р.Утелова, Ж.Дуисекбаева, Д.Рзанова, А.Тулегенова, Ж.Оспанова болды.
Жас өркендерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/p/18PowvyQbm/

ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ🇬🇧🇷🇺
  Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм-не қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11.11-15.11.2024ж жоспарға сай  “Шет тілдерін білу сән емес - уақыт талабы...” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдерінің апталығы бастау алды. 
🇷🇺🇬🇧Апталықтың мақсаты: Жаңа технология элементтерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінде ауыз екі сөйлеу дағдысын дамыту пәнге, шет тілдеріне деген қызықшылықтарын арттыру және жазу каллиграфиясын қалыптастыру.
🇷🇺🇬🇧11.11.2024 күні апталықтың салтанатты ашылуы өткізілді. Апталық ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен, шарттарымен танысты. Апталықтың ашылу салтанатында  оқушылар белсенділік танытты. Оқушылар өздерінің ағылшын және орыс тілдерін қалай жақсы көретіндігін дәлелдеп, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар мен ұстаздар ағылшынша әндерін, тақпақтарын, жұмбақтарын айтып, көпшілікті тәнті етті. 
🇷🇺🇬🇧Алдағы апта көлемінде, апталық жоспарына сай ашық сабақтар шеруінен үзінділер жарияланады.
https://www.facebook.com/share/p/12Mn6XKA5mS/

#Педагогикалық_шеберхана
   Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм-не қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-15.11.2024 ж  аралығында орыс тілі мен әдебиеті , ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 11.11.2024 күні 8 “Ә” сыныбына  “ Past simple “  тақырыбында ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Шорабекова Ұлзейнет ашық сабақ өтті. Сабақта “ Think together “, “Pop corn” , “ Badges” әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың “ Past simple “ шағын күнделікті ауызекі сөйлеуде, қолданысқа енгізуге көп ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды. Сабақ соңында кері байланыс алынып, үйге тапсырма берді.
https://www.facebook.com/share/p/1AVHB7xX55/

#Педагогикалықшеберхана 
 Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі “КММ-де 11-15.11.24 ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті , ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 12.11.2024 күні 11 “А” сыныбына  “ The Human Brain “  тақырыбында ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Исаева Гүлзира ашық сабақ өтті. Сабақта “ Brainstorming“, “Spider’s Web” , “ IQ level” әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың  ауызекі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын молайтуға көп ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды. Сабақ “өте жақсы” деп бағаланды.
https://www.facebook.com/share/p/15PR57rzsJ/

🍁Күзгі бал...күз ғажайыптары...күз бейнесі...
🍁"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында тәлімгер Т.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен,9-10 сынып оқушылары арасында "Арайлы,Алтын күз”атты мерекелік іс- шара ұйымдастырылды.
✅МАҚСАТЫ: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және айқындау, бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу, сахналық шеберлік дағдыларын қалыптастыру; 
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
І.Таныстыру 
ІІ.Күзгі вальс
ІІІ.Өнерің өрге жүзсін
IV.Сән үлгісі
V.Күзгі көрініс.Көрме 
Оқушылар мерекелік сайысқа белсене қатысып,өз өнерлерін  көрсетті. 
Сайыс қорытындысы бойынша: 
📌БАС ЖҮЛДЕ: 9”Ә”сыныбы;
📌1-ші орын: 10”Ә” сыныбы;
📌2-ші орын: 9”Б”сыныбы;
📌3-ші орын: 9 “А”сыныбы иеленді. 
Оқушылар жүлделерің құтты болсын!💐💐👏🏻
Сынып жетекшілері мен ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз!
https://www.facebook.com/share/p/1EcaJsxxF1/

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні
«Ұлттық валюта-теңге»
⚜️”С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” 2024-2025 оқу жылы.
Сыныбы: 10 сынып оқушылары 
Тақырыбы: 15-қараша "Ұлттық валюта -теңге күні"
✔️Сабақтың мақсаты:
1. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру,өзге мемлекеттің  валюталары туралы түсінік беру
 ✔️Қараша айы: Әділдік пен жауапкершілік айы.
2-апта дәйексөзі: Тура биде туған жоқ!
Құндылық
✓ Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
1Талап
2.Ұлттық мүдде.
https://www.facebook.com/share/p/15uHSFaR7i/

"КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БОЛДЫРМАУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ, ЗАҢСЫЗ  ІС- ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУДАН ҚОРҒАУ" ТАҚЫРЫБЫНДА  ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ
☑️ Түркістан облысы "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 14 қараша күні 9-11 сынып оқушылары арасында "Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс әрекеттер жасаудан қорғау" тақырыбында жиын өткізілді.
Аталған жиынға Арыс ауданының прокуратурасының прокуроры - Анарбай Қуаныш, қалалық білім бөлімінің бас маманы Жунисов Абдіазиз, тәрбие және оқу ісі-жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік-педагогтар және 9-11 сынып оқушылары қатысты.
☑️ Жиын барысында «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс әрекеттер жасаудан қорғау» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
🖊️ Баспасөз қызметі.
https://www.facebook.com/share/p/1YDR4efqLA/

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТЖЖО А.Байжанысов мектеп ұжымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік этика нормаларын бұзудың алдын алу бойынша түсіндірмелер берді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екенін және негізгі факторларына жататын іс-әрекеттерді атап өтті. Құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында оған апаратын жолдарға бармауды негізге алды. Зерделеу, шектеу және жою мақсатында бірге ұжым болып жұмыс атқаруға шақырды.
https://www.facebook.com/share/p/16CgrbGB7F/

 “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 4 “Б” сынып жетекшісі Н.Арғынбаева “Бала құқығы туралы конвенция " тақырыптарында видеороликтер көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/p/1ALCond8Tb/

“БАЛА КОНВЕНЦИЯСЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚ ӨТІЛДІ
    Түркістан облысы Арыс қаласы “Білім бөлімі”ММ-не  қарасты , “ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында тәлімгер Т.Даулетбаеваның жетекшілігімен, “Бала конвенциясы” тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Сабақтың мақсаты: оқушыларға “Бала құқығы туралы конвенция” негізінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру және заңға бағынудың маңыздылығын ұғындыру. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы оқушыларды заңды құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың теріс салдарларын алдын ала ескерту.
https://www.facebook.com/share/p/165TsYPGa9/

✅ "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ✅ 
✅Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылы.
 🩺✔️Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында оқушыларға  күнделікті таңертеңгі астың маңыздылығы, ұсынылған мөлшерде жемістер мен көкөністерді күнделікті қабылдау, құрамында қант бар сусындарды тұтынуды төмендету  "Дұрыс тамақтанудың пайдасы мен ережелері " тақырыбында мектеп медбикесі П.Алтынбекова мен әлеуметтік педагог А.Әбдір түсіндірме жұмыстарын жасады.Оқушылар дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Бір-бірлерін тыңдай отырып, денсаулық құндылығын, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтті.
https://www.facebook.com/share/p/16AXeGzefj/

          ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН
       АЛУ БОЙЫНША  БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА
      ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛДЫ
     Түркістан облысы, Арыс қаласының Білім бөлімі ММ-не қарасты “С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында  білім алушыларға  жиналыс ұйымдастырылды.  
       🔹️Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байжанысов, ЖПҚ КТІЖ аға УПИ полиция лейтенанты Ж.Ж.Таттыбеков және мектепішілік ұлдар кеңесінің мүшесі М.Абилдаев қатысты. 
       🔹️Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. 
       🔹️ Жиынды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байжанысов ашып,   әрқашан тәртіпке негізделетін қоғамда заң мен тәртіпке құрметпен қарап,  жасөспірімдер арасында орын алатын келеңсіз жағдайлардың алдын алуға шақырды.  
        🔹️Мектеп инспекторы Ж.Таттыбеков оқушыларға республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, оқушылардың қатысуымен орын алған құқықбұзушылық, мектеп пен оның айналасына тыйым салынған, қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын, жалған хабарламалар мен суық қаруды алып жүрудің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтіп,  кез-келген жағдайда құқықтық сауатты болуға шақырды. 
       🔹️Кездесуде оқушылар өз құқықтары, құқықбұзушылыққа байланысты жаза түрлері туралы құнды мәліметтер алып,  өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
https://www.facebook.com/share/p/15x7vvP4RJ/

  Арыс қаласының "Білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллина атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 11-15.11.2024 ж аралығында  орыс тілі мен әдебиеті, және ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 15-ші қараша күні  6"Б" сыныбында "Phoning a friend" тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Ибраимова Рая ашық сабақ өтті. 
🇬🇧Сабақта, Brainstorming, Google, әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдысын қалыптастырып сөздік қорын молайтуға ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа  деген белсенділігі жоғары болды. Сабақ "өте жақсы" деп бағаланды.
https://www.facebook.com/share/p/18DvbQwoCv/

  Арыс қаласының "Білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-15.11.24ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті, және ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 14.11.2024 күні 4"А" сыныбында "Пословица - всем делам помощница"  тақырыбында орыс тілі пәнінің мұғалімі Кенжебаева Балкия ашық сабақ өтті. 
🇬🇧Сабақта " Кір жаятын жіп", "Тізбектеп оқу" әдістер арқылы оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын молайтуға көп ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды.
https://www.facebook.com/share/p/1Bau4yE3k8/


    Арыс қаласының "Білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-15.11.24ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті, және ағылшын тілі пән бірлестігі апталығының жабылу салтанаты өтті. 
Апталықтың жабылуында  3 сынып оқушыларына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжебаева Балкия "Прощание с азбукой" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. 
🇷🇺Мақсаты: 
-үйренген дыбыстар мен әріптерді қайталау; 
- сөйлеуді, есте сақтауды, ойлауды дамыту; 
- бір-біріне деген құрметке, кітапқа деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Жас бүлдіршіндер 33 әріп туралы жаттауларын орыс тілінде мәнерлеп жеткізіп айтса, ал мектебіміздің жас мамандары ағылшын тілде  әсем әндерімен көрермендерді тәнті етті.
https://www.facebook.com/share/p/1AJ4gCQ7bA/


✔️ Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қарашаның 11 күні "БағдарLike" атты жаңа жобасының математика-информатика, химия-биология, биология-география бағыттары бойынша  ІІІ кезеңнің бірінші "Daraboz" ғылыми-практикалық  сайысы жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы  "AQYLжас іріктеу кезеңінен өткен  9  оқушы, 3 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 2 және 3 топ қатысушылары жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы математика пәнінің мұғалімдері Р.Утелова, Ж.Дуисекбаева, Д.Рзанова, А.Тулегенова, Ж.Оспанова, информатика пәнінің мұғалімдері Б.Туткабаева, У.Досова, география пәнінің мұғалімі К.Мустафаева, химия пәнінің мұғалімдері Ұ.Қараева, С.Жуманова, биология пәнінің мұғалімдері Б.Абзелова және Г.Мамаева болды.
Жас өркендерімізге алдағы ғылыми практикалық кезеңіне сәттілік тілейміз!
https://www.facebook.com/share/p/1BcvbsFeF3/


С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің  кітапханашылары Г.Мұсаева, А.Бекжанованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Сыныппен бірге кітап оқимыз" тақырыбында 20 минут-тық оқу өтілді. Мақсаты: Оқушылардың ойын, тілін дамыту, ортада өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта білуге, жолдастарының пікірлерін тыңдай білуге үйрету, патриоттық сезімге баулу.

https://www.facebook.com/share/p/1B7z8LgGJo/



    Арыс қаласының "Білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де  11-15.11.24 ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 14.11.2024 күні 5 “Б” сыныбына  “The months and seasons“  тақырыбында ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Рахматла Ұлбосын ашық сабақ өтті. Сабақта “ Мантия “ learning apps.“, “word wall ” , “ Folded paper”, “ Basket” әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың  ауызекі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын молайтуға көп ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды.

https://www.facebook.com/share/p/1BY42QLUun/



ДИРЕКТОР ЖАНЫНДА КЕҢЕС  БОЛЫП ӨТТІ
   📋Арыс қаласының "Білім бөлімі" қарасты 
«С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 18-ші қараша күні
 мектеп директоры және мектеп әкімшілігінің қатысуымен  әкімшілік жиналыс болып өтті. 
Жиналысты мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы жүргізді. 
Қаралған мәселелер: 
✔️PISA бойынша 15 жастағы білім алушылармен дайындық жұмыстарын жүргізу
✔️ҰБДҚ жұмысының үздіксіз жүруі және электронды журналдың толтыруын қатаң    
     бақылау
✔️Оқушылардың сабаққа қатысымын және өмір қауіпсіздігіне түсіндірме  жұмыстарын әрдайым жүргізіліп отыруын бақылау. 
✔️1-4 сынып оқушыларының ыстық тамақтың    
      сапасы және уақтылы   
     оқушылардың тамақтануы туралы
✔️Аптаның сенбі күндері «Таза Қазақстан» акциясы бойынша  жұмыстардың орындалуы туралы. 
✔️Мектептің жылу қазандығының сапалы,   
     уақтылы жұмыс жасауын әрдайым  
     бақылауда ұстау туралы 
📋Бүгінгі жиналыста қаралған мәселелер бойынша мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы жүйелі жұмыс атқарып уақытылы орындалуына мектеп әкімшілігіне тапсырмалар берді.
https://www.facebook.com/share/p/15wXnQ2jBY/


📋Математика, физика және информатика пәндер апталығының ашылуы
      Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм- не қарасты  "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - де 2024 жылдың қарашаның 18-22  күндер аралығында жоспарға сай "Цифрлы әлемге- кемел біліммен" тақырыбында математика, физика және информатика пәндер апталығы бастау алды.
🔸️Апталықтың мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша функционалдық сауаттылығын дамыту.
18.11.2024 күні апталықтың салтанатты ашылуы өткізілді. Апталықтың ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен, бағдарламасымен танысты. Ашылу кезеңінде оқушылар пәндерге қатысты өлең жолдарын оқыды. Ойындар, логикалық сұрақтар ойнатылып оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар белсенділік танытты.
https://www.facebook.com/share/p/1A7NAJpR82/


  Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм-не қарасты “Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  11-15.11.2024 ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 12.11.2024 күні 4”Б” сыныбына “Treasure and numbers” тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Амантай Айяжан ашық сабақ өтті. Сабақта “word wall”,”quizlet”,”mountain of magic”, ”feedback” әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың сандарды меңгеруге деген қызығушылығы артты.Сандарды еркін айтып үйренуге ықпал етті. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды.
https://www.facebook.com/share/p/15c34gcFzm/

  Арыс қаласының "Білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллина атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 11-15.11.2024 ж аралығында  орыс тілі мен әдебиеті, және ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 15-ші қараша күні  4"А" сыныбында "Treasure Numbers " тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Сәрсембай Алтынай ашық сабақ өтті. 
🇬🇧Сабақта, Шыбын ұру, Суреттер сөйлейді, Салыстыру әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдысын қалыптастырып сөздік қорын молайтуға ықпалын тигізді. Оқушылардың сабаққа  деген белсенділігі жоғары болды. Сабақ "өте жақсы" деп бағаланды.
https://www.facebook.com/share/p/1EUivP5DjX/

   Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм- не "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - де 2024 жылдың 18-22 күндер аралығында жоспарға сай "Цифрлы әлемге- кемел біліммен" тақырыбында математика, физика және информатика пәндер апталығында 19.11.2024 күні алгебра пәнінен математика пән мұғалімі Дуисекбаева Жайна Купжановна 7 Ә сыныбында "Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенділік танытты. Интербелсенді тақта, жаңа платформалар қолданып оқушылардың қызығушылығын арттырды.

https://www.facebook.com/share/p/16CtbiQb6C/


  Арыс қаласының "Білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-15.11.24ж аралығында орыс тілі мен әдебиеті, және ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 13.11.2024 күні 5"Б" сыныбында "Много у меня друзей" тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ф.Адрбаева ашық сабақ өтті. 
🇷🇺Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізіліп, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдылары мен сөздік қорын молайтуға көп ықпалын тигізді.

https://www.facebook.com/share/p/162i74ve4n/



      Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм-не қарасты “Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2024 жылдың қарашаның 11-15 күндер аралығында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пән бірлестігі апталығында 12.11.2024 күні 6”Б” сыныбына “Летние радости и заботы” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурмаханбетова Каракоз ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылардың ой өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге бағытталған түрлі қызықты әдіс— тәсілдер пайдаланылды. Оқушылардың сабаққа белсенділігі жоғары болды.

https://www.facebook.com/share/p/1Gvzn4gWe9/

"Нашақорлық-қоғам дерті"
"С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 9-11 сынып оқушыларына педагог-психолог З.Жуманова мен әлеуметтік педагог А.Әбдір "Нашақорлық-қоғам дерті" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.  Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер-темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Түсіндірме жұмысы барысында мектеп оқушыларына есірткінің адам өміріне, ағзасына, жүйке жүйесіне, болашағына, айналасына тигізетін зияны туралы айтылып, видеоролик арқылы көрсетілді.
https://www.facebook.com/share/p/1ESDARXEsj/

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 19 қараша күні Түркістан көлік прокуратурасының прокуроры Тұрсынәлі Арнат Сәбитұлы мен Арыс 1ст. ЖПБ-нің КПб-нің жедел уәкілдері полиция майорлары Т.Рахимов., Н. Байгуттиев заң қызметкерлері және Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ-нің бас маманы А.Жунисовтің қатысуымен "Заң мен тәртіп" тақырыбында жасөспірімдер арасында нашақорлық және өсім алған қылмыстар бойынша жиын өткізілді.
Жиынның мақсаты: Кәмелет жасқа толмағандардың құқықтық санасын жоғарылату.
https://www.facebook.com/share/p/15at8nFVam/




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив