2024-2025 оқу жылының І тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша қорытынды. » «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(776) 404-00-02
Оқу ісі орынбасары:
+7(776) 156-48-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылының І тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша қорытынды.
24
қазан
2024

2024-2025 оқу жылының І тоқсанда атқарылған іс-шаралар бойынша қорытынды.


1-Қыркүйек 

Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2024 жылдың 1-қыркүйек “Білім күні” мерекесіне орай, “Алғашқы қоңырау” “ Мектебім-мейірім мекенім” атты іс -шарасы өтілді.

Іс-шараға мектебіміздің қамқоршылық-қорғаешылық кеңесінің төрағасы Әсіл Тәңірберген Рахманұлы,

Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асанов Марат Әбдіқадірұлы қонақ болып келіп,ыстық ықыластарын білдірді. 

Мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға ізгі тілектерін айтып, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

Іс -шарада ән шырқалып, тақпақтар айтылды. 

https://www.facebook.com/share/p/ixnnZNvZMw9LXxCh/





Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2024 жылдың 1-қыркүйек “Білім күні” мерекесінде "Қауіпсіздік сабағы" оқушыларды жол қауіпсіздік ережелерімен таныстыру бойынша сабақ өтіліп, жол қозғалыс ережелері бойынша суреттер салынды.

https://www.facebook.com/share/p/CEneDHGYvMXUu1rR/





Арыс қаласының білім бөліміне қарасты, 

"С .Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Г.Ахтаеваның 2024-2025 оқу жылының бейіндік және әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес тамыздың 28 күні әдістемелік бірлестіктер отырысы болып өтті. 

Мақсаты: «Бәсекеге қабілетті, көп бейінді оқытудың талаптарына сай жаңа технологиялар негізінде құзырлы , шығармашыл тұлғаны қалыптастыру»

"Өркениет", "Парасат", "Ынтымақ", "Ізгілік", "Болашақ", "Таным" әдістемелік бірлестік жетекшілері Ж.Дуисекбаева, А.Тулегенова, Ж.Амалбекова, М.Оразалиева, Ж.Айтбаева, Г.Исаева пән бірлестік отырыстарында 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде

білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстырып, сол бойынша жаңа оқу жылының жұмысы жоспарланатының баяндады.

Сонымен қатар, биылғы мектебіміздің даму жоспарында "БағдарLIKE", "Ұлыларды ұлықтау", "Бір күндік сабақ" жобаларының іске асатының тілге тиек етіп, ұстаздарға нәтижелі жұмыс жасауға шақырды. Бұдан да өзге көптеген мәселелер талқыланды. 

Мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева және ДБОЖО Г.Ахтаева барлық бірлестіктердің жұмыс барысымен танысып, әріптестерге білім саласына жасалған мол мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана отырып, жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. 

https://www.facebook.com/share/p/rJdAKR1p2qcnGbYW/


#Бітұтас_тәрбие

#Білімкүні

Арыс қаласының білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі"КММ.

2024-2025 жаңа оқу жылының алғашқы сабағы 2-10 сыныптар аралығында "Менің Отаным-Қазақстан!" тақырыбында сынып сағаты мен Қауіпсіздік сабақтары өтілді.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, патриоттық өлеңдер оқылды.

"Менің жазғы демалысым" тақырыбында эссе жазылды.

Оқушылардың достарына, ұстаздарға деген сағынышы баяндалды.

Сынып сағаттары бойынша

2"А" сыныбының жетекшісі Ж.Айтбаеваның ұйымдастыруымен өтілген тәрбие сағатынан көріністер.

https://www.facebook.com/share/p/pkHWXjcNbeRvEyoA/


#Біртұтас_тәрбие

#Білімкүні

Арыс қаласының С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 2-қыркүйек күні Білім күнінің алғашқы сабағы "Менің Отаным-Қазақстан!" тақырыбында сынып сағаттарымен басталды.

6"А" сыныбының жетекшісі М.Абилдаевтың тақырыптық сынып сағатынан көріністер.  https://www.facebook.com/share/p/NYtTzvuaZrzZ2xmm/




#біртұтас_тәрбие

Арыс қаласының “Білім бөліміне” қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы 26 бұйрығы мектеп формасына қойылатын талаптарын сақтамайтын оқушыларды анықтау мақсатында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Бейсембаева мен А. Байжанысовтың қатысуымен 8-11сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті. 

Мақсаты:мектептің ішікі тәртіп ережесін сақтау. 

https://www.facebook.com/share/p/fJ1i4zjMa52Epx8H/





#Педагогикалықшеберхана 

#Жоба

"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ

Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес "Ұлыларды ұлықтау" атты жаңа жоба жұмысы қолға алынды.

Жобаны ұйымдастырушы: Г.Ахтаева 

Жоба үйлестіруші: Р. Маханбетәлі

Жоба кеңесшілері: Г.Исаева, Ш.Сарсенбаева

 Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.

Жобаның өзектілігі: "Ұлыларды ұлықтау'' жобасы 2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып, 3-10 сынып оқушылар арасында ұлыларды ұлықтау мақсатында жүргізіледі.

Жобаның міндеті: 

оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру;

көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;

оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;

оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби, шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету;

жазу мәдениетін қалыптастыру;

"Ұлыларды ұлықтау'' жобасының ерекшелігі "ТТТ" Тарихы терең тұлғаларды 9 айға жүйелі түрде жоспарланып, жауапты жоба мүшелері әр ай сайын қорытындылап, жас оқырмандарға мониторинг жасап отырады.

Алғашқы жобаның ашылуы өзіміздің білім беру мекемемізге есімі берілген С.Сейфуллинге биыл 130 жыл толуына байланысты, қырқүйек айы "Сәкеннің сырлы әлемі" атты тақырыбымен ұйымдастырылып жұмыс жүйелі басталды.

3-4 сыныптар "Сакен - жырдың сарқылмас дариясы" 

5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 

6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы

7-сынып "Көкшетау " поэмасы

8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса

9-сынып "Жер қазғандар" повесі

10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық роман 

3-10 сыныптарға жоғарыда көрсетілгендей 

шығармаларымен жұмыс жасайды. 

Әр айдың соңғы аптасында оқушылар эссе, сурет, шығарманы мазмұндау және ән айту бағыты бойынша айшықталады, сарапшылар әділ бағасын беріп, жас оқырмандарға ерікті демеушілер тарапынан жүлделі орындармен сыйлықтар ұйымдастырылады.

Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарымыз оңтайлы нәтиже беріп, ұлтжанды ұрпақтарымыз арта берсін! 

https://www.facebook.com/share/p/RoQbqHWxjiHAzNsV/


#сейсмикалықжаттығу

#төтеншежағдай

Арыс қаласы әкімінің орынбасары А.Султановтың 02.09.224 жылғы № 40-01-01/2263 санды хатына және Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 05.09.2024 жылғы № 1630 хатына сәйкес, 2024 жылдың 5 қыркүйек күні сағат: 11-00 ден 11-30 аралығында “ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде АӘД пән мұғалімі Б.Тасқараевтың ұйымдастыруымен сейсмикалық қауіпті өңірлерде сесмикалық жаттығуларды өткізу бойынша бірнеше іс – шаралар өткізді. Атап өтсек: 

1. «Сейсмикалық жаттығуды өткізу туралы» бұйрықпен бірге сейсмикалық жаттығуды өткізу іс- шараларды ұйымдастару.

2. Сейсмикалық жаттығуларды өткізу мерзімін хабарлау, іс- шаралар

қорытындысын әлеуметтік желілерде жариялау.

3. Сейсмикалық жаттығу барысында қызметкерлер, білім алушылардың жер сілкінісі туындаған сәттегі іс-қимылдарға дағдыландыру.

 https://www.facebook.com/share/p/5Z8XmCAFftJGBpNU/


#Педагогикалықшеберхана 

#Тілдермерекесі

#біртұтастәрбие 

Арыс қаласының “ Білім бөлімі”ММ-не қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де А.Байтұрсынұлының туылған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Керімшееваның ұйымдастыруымен 05-10 қыркүйек аралығында "Тілім менің -- ғасырларға аманат" атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/share/p/Wgm96V9cQZUU7Wno/



 #біртұтастәрбие

Арыс қаласы"Білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп КММде 8-9-10-11сыныптар арасында "Ұшқыр ой "дебаттық Ұлттық пікірсайыс жрспарға сай өтілді. Жеребе бойынша оқушылар "Бұл палата өмір сүруге қолайлы қаланы таңдайды"тақырыбында өтті. Мақсаты:Экологиялық таза қаланы қалыптастыру, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғары дәрежеде болуы. Қоғамда таза қала қалыптастыру 
https://www.facebook.com/share/p/fk1YJM3iM52AJipp/



#Педагогикалықшеберхана 
Арыс қаласы"Білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 6.09.2024 жылы 6- сыныптар аралығында "Ойлы болсаң,озып көр" тақырыбында сайыс өткізілді.
⚜️Сайыстың мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, сыйлау, ана тілдерін қастерлеу білімдерін қалыптастыру, сөздік қорларын байыту, іскерлікке дағдыландыру, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сайысымыз 4 кезеңнен өткізілді.
1- кезең: "Толғауы тоқсан қызыл тіл"
2-кезең: "Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез"
3-кезең: "Тіспен түйгенді тіл шешеді"
4-кезең: "Менен- сұрақ, сізден- жауап',
Сайыстың қорытындысы бойынша Жолдыбай Мирас пен Оразкелді қызы Жаннұр үздік атанып, қалалық мұражайға жолдама алып, қуанышты көңіл күймен сайысты аяқтады.
Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетәлі Райхан Иманәліқызы жүргізді.
https://www.facebook.com/share/p/X8jTQ8oEaGUYLnrC/


#Педагогикалықшеберхана 
Арыс қаласы"Білім бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты  "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 05-10 қыркүйек аралығында "Тілім менің -- ғасырларға аманат" атты тілдер мерекесінің  апталық жоспарына орай,   6.09.2024 жылы 6- сынып оқушылар  арасында "Тіл - татулықтың тірегі" тақырыбында мектеп кітапханашылары Г Мусаева, А.Бекжанованың ұйымдастыруымен кітап көрмесі өткізілді.
⚜️Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.c; 

#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты
"С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін  мектеп"  КММ.
2024 жылдың 6 -қыркүйек  күні "Отбасы күні" мерекесінің іс-шара  жоспарына  сәйкес 5 "Б"  сыныбының  жетекшісі  Рахматлә Ұлбосын "Менің  отбасым" тақырыбында  эссе  жазуды  ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға  отбасылық  құндылықтарды  дәріптеу, ата-ананы  құрметтеу, үлкенге  ізет, кішіге  қамқор болуға  тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/m3JrUFRv39po9C9d/

«ТІЛ – БІРЛІГІМ,
ТІЛ – ҚУАТЫМ, 
ТІЛ – РУХЫМ...» АТТЫ ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
      Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп » КММ-де “Тілдер апталығына арналған челленджі жарияланды. 
      А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, биылғы жылы қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам және мемлекет қайраткері, бір сөзбен айтқанда, алаш зиялысы болған Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы. Қазақстан халқының тілдері күні де осы бір айтулы күнмен тұспа-тұс келіп отырғандығын да айта кеткеніміз жөн.

"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" ӨТІЛДІ
✅ Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылы.
✅Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  сынып жетекшілер адалдық сағаты өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/E1AoB1KRGVhcgCax/


#Педагикалықшеберхана
  Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы  жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Тілім менің - ғасырларға аманат" атта тілдер апталығына орай, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебаева Балқия 3 сыныптар арасында "Язык- мост дружбы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
⚜️Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және  өзге тілдерді құрметтеуге, тілге деген қызықшылығын арттыруға тәрбиелеу.
"Қанша елдің тілін білсең, сонша ілім білесің" деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тілді білудің артықшылығы жоқ. Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысқан бүлдіршіндер орыс тілінде тақпақтар айтып, өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді.
#Біртұтас_тәрбие
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ»
Жалындаған бала қымбат жас талабы,
Ата - ана қуанышы, қас - қабағы.
Тәрбиенің, өнегенің тал бесігі,
Отанымыз отбасыдан басталады.
Арыс қаласы “Білім бөлімі”ММ-не  қарасты ,«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде 2024 жылдың 09  қыркүйек күні  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  «Мен және менің отбасым»  тақырыбында   5 сынып оқушыларымен  жетекші Рахматулла Ұлбосын сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар“ Қауіпті хобби және серуендеу орындары” тақырыптары бойынша 10 минут қауіпсіздік сабағы өтілді.


#Педагогикалықшеберхана
"Арыс қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 5-10 қыркүйек тіл мерекесіне орай, бастауыш сынып мұғалімдері  Атишова Рахима, Байғожа Орынша, Оразова Гүлнұр және Шопанбаева Дүрияның ұйымдастыруымен  3-4 сыныптар арасында "Ана тілің-арың бұл" атты дарынды балалармен сыныптан тыс  іс-шара өтілді.
⚜️Мақсаты: Оқушыларға ана тілімізді құрметтеуге және жетік меңгеруге, Отанын, дінін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
 "Тіл достықтың кілті, ынтымақтастықтың кілті" демекші оқушылар біріге атсалысып, өз белсенділіктерін жоғары дәрежеде көрсете білді.

#мектепасханасы
"ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ҚАҒИДАСЫ"
Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты, "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 11-ші қыркүйек күні әлеуметтік педагог А.Әбдір мен мектеп медбикесі П.Алтынбекованың  ұйымдастыруымен ыстық тамақ ішетін оқушыларға "Дұрыс тамақтану қағидасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔷Мақсаты:
1. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізіміне жаңадан қосылған оқушыларға мектеп асханасында тамақтану әдебі мен қағидалары туралы түсінік беру;
2. Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру;
3. Ыстық тамақ ішіп жүрген оқушылардан кері байланыс алып, анықталған олқылықтар бойынша жұмыстар жүргізу. 
✅ Оқушылар түсіндірме жұмыстары барысында, үнемі дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы мол екені, сонымен қатар  ыстық тамаққа кешікпей келу, мектеп асханасында өзін-өзі ұстау мәдениеті жайында біршама мәліметтер алды.
♦️Дұрыс тамақтану  - денсаулық кепілі!

⚜️ “Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де  12.09.2024 жылы, 6-7 сыныптар аралығында "Тіл-ел жүрегі " тақырыбында сыныптан тыс, мәнерлеп оқу  байқауы өтілді.
Сабақтың мақсаты: 
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. 
Сабақ барысында оқушылар тіл туралы өлеңдерді жатқа айтты. 6 "в"  сынып оқушылары: Батырбек Маржан, Бахытұлы Әли, 7 "в"  сынып оқушылары: Тұрдалы Мақпал, Құрманәлі Мадина, 7 "г"  сынып оқушылары: Асан Нұрғиса, Дүйсен Ұлбике жүлделі орындармен марапатталды. 
Сыныптан тыс сағатты, қазақ тілі маманы Тұрсынбекова Жеңіскүл Жарылқасынқызы жүргізді.









«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің және Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Г.Бекжанның қатысуымен С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де  жоғарғы сынып оқушы қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиын өтті.
Кездесудің мақсаты ата-ананы құрметтеу, жастар арасында салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру.


#біртұтастәрбие
        “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де  2024 жылдың 13 қыркүйек күні  “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру” тақырыбында 
2023 -2024 оқу жылындағы “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының” есебі  бойынша ата-аналар жиналысы өтілді. 
         Күн тәртібі бойынша:
1. ДТЖЖО Г.Бейсембаева жиналыста оқушылардың мектеп формасы ,тәрбиесі туралы айтты. 
2. Мектеп инспекторы Ж.Таттыбеков “Құқық бұзушылықтың алдын алу” туралы баяндама оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
3. ДБОЖЖО Г.Ахтаева мектебімізде жүзеге асқалы отырған “Ұлыларды ұлықтау” және “Бағдарlike” атты жобаларды ата -аналарға таныстырды. 
4. ДОЖЖО М.Дүйсен “Қазақстанның атом саласын дамыту” туралы референдум бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🌳«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  "  Арыс қаласы Білім  бөлімі"мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  аясында сенбілік жұмыстары мектеп пен көше бойларын тазалау жұмыстары 14.09.2024ж. жүргізілді.
Басты мақсат:
🍀️Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
🍀Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз! 
🍀Тазалық - Біз бен Сізден басталады! 
https://www.facebook.com/share/p/m5seYpMG92PsnCiA/

#педагогикалықшеберхана
“С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері С.Салимбекова, А.Бейсембаева, А.Досмұрзаева және Ж.Исаева  ұстаздардың ұйымдастыруымен 1-2 сынып аралығында “Бала тілі-бал” тақырыбында сыныптан тыс іс -шара өткізілді.
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды туған тілін құрметтеуге, Отанын сүюге ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.


“С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де, 4-сынып жетекшісі Бимырзаева Райхан Бейшенқызының ұйымдастыруымен, “Отбасы-бақыт мекені” атты отбасылық сайыс өтті.
       Сайыстың мақсаты: 
Оқушыларды бауырмалдыққа ,отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сайыстың шарттары: 
1.Таныстыру
2.Өз өнері
3. Күзгі шашу
4. Көңілді ән
Сайыста “достық” жеңді.

#Біртұтастәрбие
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Бізді ақылды ететін кітап - дана" тақырыбында кітап көрмесімен жас оқырмандарды таныстырды. Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу, кітапханадағы бай мұраларды оқушыларға жүйелі түрде насихаттау.
https://www.facebook.com/share/p/B9T7qH6773pKsBEP/



#біртұтастәрбие
       “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ -де 10-11 сынып оқушыларының арасында “Рәміздер-рухымыз, ар-ожданымыз” тақырыбында ақпараттық сабағы өткізілді.
 Тарих пәнінің мұғалімі М.Момбекова рәміздердің шығу тарихымен бөлісіп, оқушыларға сұрақтар қойып, жауап алды. 
ДТЖЖО Г.Алдешқызы баяндама оқыды





#біртұтастәрбие
      Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты, “ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де   7 сынып жетекшісі Дөненбай Ақжан Нұсқабайқызының ұйымдастыруымен
“ Отбасы -тәрбиенің алтын бесігі“ атты сынып сағаты өтілді.



#Біртұтастәрбие
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Сыныппен бірге кітап оқимыз" тақырыбында 20 минуттық оқу өтілді. Мақсаты: Әдеби тілде еркін сөйлеуге, оқушылардың дүниетанымын, ой- өрісін дамыту.



#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының  білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы  орта  білім беретін  мектебінде  8-11 сыныптарда " Менің  сыныбым буллингке қарсы!"тақырыбында  сынып  сағаттарын  өткізуде.
Мақсаты:Оқушылар  арасында  достық  қарым-қатынасты  нығайту,  құқықбұзушылықтың  алдын  алу.

#Педагогикалықшеберхана 
"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына  сәйкес қыркүйектің 23  күні  "Ұлыларды ұлықтау" атты жаңа жобаның І кезеңі өткізілді.
Жобаны ұйымдастырушы: ДБОЖЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба үйлестіруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетәлі Райхан Иманәліқызы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гулжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО  Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ Жобаның өзектілігі: "Ұлыларды ұлықтау'' жобасы 2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып, 3-10 сынып оқушылар арасында ұлыларды ұлықтау мақсатында жүргізілді.
⚜️ "Ұлыларды ұлықтау'' жобасының алғашқы ашылуы өзіміздің білім беру мекемемізге  есімі берілген С.Сейфуллинге биыл 130 жыл толуына байланысты,  қырқүйек айы "Сәкеннің сырлы әлемі" атты тақырыбымен  3-10 сынып оқушыларына төмендегідей
шығармалар жиынтығы берілді.
3-4 сыныптар "Сакен - жырдың сарқылмас дариясы" 
5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 
6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы
7-сынып "Көкшетау " поэмасы
8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса
9-сынып "Жер қазғандар" повесі
10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық роман 
   Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әділ қазылар алқасы тарапынан бағалау критерийлері қойылып,  әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны қағаз бетіне түсіріп,  жазу мәдениетін қалыптастыруына бағыт бағдар берді.
Жоба сарапшылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Амалбекова, А.Дөненбай, Б.Керимшеева, А. Нұржанова, Ж.Тұрсынбекова ұстаздардың қалағалауымен өткізілді.
Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарымыз оңтайлы нәтиже беріп, ұлтжанды ұрпақтарымыз арта берсін!


#Педагикалықшеберхана 
"БАҒДАРLIKE" ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі " мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ-де 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қыркүйектің 23 күні "БағдарLike" атты жаңа жоба қолға алынып, ашылуы жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба ұйымдастырушы: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба үйлестіруші: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаның жаратылыстану бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика, биология, химия, география) пәндер бойынша 8-10 сынып оқушылары қатыса алады. 
Жоба l, ll жартыжылдық бойынша жылына екі рет ұйымдастырылады. Жоба мерзім ұзақтығы (5 жыл)
Жобаның жүргізілу кезеңдері пәндік бағытқа қарай бағытталады.
Математика-физика 
Математика-информатика 
Химия-биология
Биология-география 
1. Іріктеу кезеңі "QAZTEST"
2. Интеллектуалды топтық сайыс "AQYL жас"
3. Ғылыми практикалық жұмыс "ZERDE"
Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай 
ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданатын зерек жастарымыз көп болғай. Алдағы кезеңдерде білім алушыларға тек сәттілік тілейміз.

#Педагогикалықшеберхана 
"БАҒДАРLIKE " жобасы
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ-де 2024-2025 оқу жылының  24-ші қыркүйек күні "БағдарLike"  жобасының жаратылыстану бағытындағы математика-физика  пәндердің іріктеу кезеңі өтті.
Жоба ұйымдастырушы: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба үйлестіруші: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаның іріктеу кезеңіне 8, 9, 10 сыныптар толық  қатысты.
Математика-физика пәндер бойынша "QAZTEST" электронды форматта тесттер алынып, 10 баллдық жүйе арқылы бағаланып, жоғары жинаған оқушылар келесі кезеңге өтті.

#Педагогикалықшеберхана 
"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 24-ші қыркүйек  күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасының  ІІ кезеңі  өткізілді.
Жобаны ұйымдастырушы: ДБОЖЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба үйлестіруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетәлі Райхан Иманәліқызы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гулжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО  Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ "Ұлыларды ұлықтау'' жобасының ІІ кезеңі  С.Сейфуллиннің 5-10 сыныптарға берілген шығармалар жиынтығынан "Ой түйін" яғни оқушыларға шығарма желісінің кішкене үзіндісін қима қағаз арқылы тарқатылып, сол үзіндіні ары қарай жас оқырмандар өз ойын еркін жеткізе алды.
5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 
6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы
7-сынып "Көкшетау " поэмасы
8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса
9-сынып "Жер қазғандар" повесі
10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық роман 
   Білім алушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай әділ қазылар алқасы тарапынан бағалау критерийлері қойылып,  әдеби шығарма желісін толық оқыған оқырмандар анықталып, баллдық жүйемен бағаланып, орындары анықталды.
Жоба сарапшылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Амалбекова, А.Дөненбай, Б.Керимшеева, А. Нұржанова, Ж.Тұрсынбекова, Б.Сейфуллаева ұстаздардың қадағалауымен өткізілді.
Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарымыз оңтайлы нәтиже беріп, ұлтжанды ұрпақтарымыз арта берсін!

Арыс қаласының  білім  бөліміне қарасты 
“С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп “ КММ- де 
2024 жылдың 25-қыркүйек  күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері   Асилов Мұхит , Алшынбаев Ердостың ұйымдастыруымен, 5-6 сыныптар аралығында спорттың футбол түрінен жарыс болып өтті.
I орын 6 “В” сынып
II орын 5 “Б” сынып
III орын 6 “А” сынып


#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты, "С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру бағытында жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру  аясында: 
интернеттегі қауіптер;
шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған 
онлайн ойындар;
баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін 
кітаптар мен сайттар;
әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар т.б мәселелер бойынша арнайы мамандар кеңес беріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек? Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдары? талқылау сұрақтары беріліп, ашық сұхбат жүргізілді.


#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының  білім бөлімі  мемлекеттік  мекемесіне қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы   білім беретін  мектебінде 2024 жылдың 25 -қыркүйек күні Ата-аналарды  педагогикалық  қолдау  орталығының  5-9 сыныптар аралығындағы  ата-агалармен 1-сабақ " Жасөспірімдердің  ұйқысы: оқу  және мінез-құлыққа әсері" тақырыбында  өтілді.
Сабақты  ұйымдастырушылар  Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы информатика  пәнінің  мұғалімі, Дөненбай  Ақжан Нұсқабайқызы  қазақ тілі  мен әдебиет  пәнінің  мұғалімі.
Сабақтың  мақсаты: ата-аналардың  ұйқыға  жауапкершілікпен  қарауы  жасөспірімнің  денсаулығын және  психкалық  саулығын  сақтау факторы  ретінде  қарастыру
Міндеті: 
1)ата-аналардың  жасөспірімнің  ұйқы  сапасын  жақсарту  үшін қолайлы  жағдайлар жасауға  ынталандыру;
2) жасөспірімдердің  танымдық  белсенділігі мен  мінез - құлқына  ұйқының  әсерін  түсінуге  ықпал ету;
3)ұйқы  сапасын  жақсарту үшін  практикалық  дағдыларды  дамыту.
 Сабақ барысында "Ұйқы  туралы  мифтер мен  шындық" сергіту  жаттығуы.
Шағын дәріс
Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және  мінез-құлыққа әсері.
Бейнефильмнен үзінді ұсынды.
Топпен  шығармашылық  жұмыстар жасалынды.


#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының  білім бөліміне  қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы  білім  беретін  мектебінде 2024 жылдың  25 -қыркүйек күні Ата- аналарды  педагогикалық  қолдау  орталығының  10-11 сыныптың  ата-аналарымен  "Ұйқы  және  психикалық  денсаулық" тақырыбында  сабақ  өтілді.
Мақсаты:
жасөспірімнің  психикалық  денсаулығын  сақтау  факторы  ретінде  ата-аналардың  ұйқыға  жауапкершілікпен  қарауын  қалыптастыру.


#Педагогикалықшеберхана 
"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 25-ші қыркүйек  күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасының  ІІІ кезеңі  өткізілді.
Жобаны ұйымдастырушы: ДБОЖЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба үйлестіруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетәлі Райхан Иманәліқызы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гулжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО  Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ "Ұлыларды ұлықтау'' жобасының ІІІ кезеңі  С.Сейфуллиннің 5-10 сыныптарға берілген шығармалар жиынтығынан "Сакеннің сырлы әлемі" яғни оқушылар әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіріп,  жас оқырмандар өз ойын еркін жеткізе алды.
5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 
6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы
7-сынып "Көкшетау " поэмасы
8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса
9-сынып "Жер қазғандар" повесі
10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық романы. 
   Білім алушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай әділ қазылар алқасы тарапынан бағалау критерийлері қойылып,  әдеби шығарма аясында салынөған суреттеріне әділ баллдық жүйемен бағаланып, орындары анықталды.
Жоба сарапшылары  Б.Исабекова, Б.Қуатов, П. Туманова ұстаздардың қадағалауымен өткізілді.
https://www.facebook.com/share/p/CLZ8tHhHt2Ssonx9/

#Біртұтас_тәрбие 
      Түркістан облысы "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 26 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушылары арасында "Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау ,құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс әрекеттер жасаудан қорғау" тақырыбында  дәріс өткізілді.
Дәріс сабағына Арыс ауданының прокуратурасының прокуроры - Анарбай Қуаныш,  Арыс қаласының  білім бөлімінің бас маманы - Жунисов Абдіазиз қатысты.



Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ
Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.
Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.
Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.
Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.
В публикациях СМИ и в социальных сетях распространяется недостоверная информация, что Верховный Суд признал ношение платков в школах законным.  
В рамках рассмотрения дела Судебная коллегия по административным делам Верховного Суда не входила в обсуждение вопроса по законности ношения платка в образовательном учреждении.
Кассационная инстанция признала лишь незаконным недопуск школой учащегося к занятиям, поскольку право на образование является одним из основных конституционных прав граждан Республики Казахстан.
Вместе с тем, полномочия по утверждению требований к обязательной школьной форме для организаций среднего образования у профильного Министерства имеются. Соответствующий приказ министра не признан незаконным и не отменен.
 Также отмечаем, что родители несут обязанность по соблюдению Устава школы и требований, предъявляемых к школьной форме.
При этом неисполнение родителями взятых на себя и установленных законом обязанностей по воспитанию и образованию, защите прав и интересов детей влечет установленную законом ответственность, в том числе предусмотренную Кодексом об административных правонарушениях.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02JctvR3BqiraiBWPjbaevhcG77G1B1styyyVQZ93vbN2GT5oHZeM5waG2aw6jodWAl&id=100062737440655
#Педагогикалықшеберхана 
"БАҒДАРLIKE " жобасы
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ-де 2024-2025 оқу жылының  25-26  қыркүйек күні "БағдарLike"  жобасының жаратылыстану бағытындағы математика-информатика, химия-биология пәндерінен іріктеу кезеңдері өтті.
Жоба үлестірушісі/ әзірлеуші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаның іріктеу кезеңіне 8, 9, 10 сыныптар толық  қатысты.
Математика-физика, химия-биология  пәндер бойынша "QAZTEST" электронды форматта тесттер алынып, 10 баллдық жүйе арқылы бағаланып, жоғары жинаған оқушылар келесі кезеңге өтті.


#Педагогикалықшеберхана 
"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 26-ші қыркүйек  күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасының  ІV кезеңі  өткізілді.
Жобаны үйлестіруші/әзірлеуші: ДБОЖЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маханбетәлі Райхан Иманәліқызы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гулжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО  Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ "Ұлыларды ұлықтау'' жобасының ІV кезеңі  С.Сейфуллиннің 5-10 сыныптарға берілген әдеби шығармалар жиынтығынан "Smart Teens шоу" сайысында орыс тілі мен ағылшын тілде берілген   сұрақтарға белсене қатысып жарыса жауап берді.
5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 
6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы
7-сынып "Көкшетау " поэмасы
8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса
9-сынып "Жер қазғандар" повесі
10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық романы. 
   Білім алушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай әділ қазылар алқасы тарапынан бағалау критерийлері қойылып,  әділ баллдық жүйемен бағаланып, орындары анықталды.
Жоба сарапшылары Г.Исаева, С.Тұрдалиева, Г.Қалдарова, Р.Ешимова, Г.Ергешова Ф.Адырбаева, Р. Ибраимова, П.Ниязова, Б.Бекмурзаева, А.Амантай,  Ұ.Рахматулла, ұстаздардың қадағалауымен өткізілді.


#Біртұтастәрбие
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ әдебиетінің негізін салушы, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері C.Сейфулиннің туғанына 130 жыл толуына орай көрме қойылып, кітаптар мен өмір жолымен таныстырылды. Мақсаты: Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын  осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек екенін ұғындыру.

Мектеп пен мектепке дейінгі ұйым арасындағы өзара сабақтастық 
   "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 16.09.2024ж.№1767хатына сәйкес "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 1 "в" сынып жетекшісі Абдумуратова Гулдана апайымыз "Ұлбала ана" бала бақшасының тәриешісі Каныбекова  Индира Бадирейдинқызы мен "Күншуақ" бала бақшасының тәрбиешісі Шорабекова Зина Муратқызы мектебімізге келіп, оқушылармен сұқбат жүргізді. Мектеп пен мектепке дейінгі ұйым арасындағы өзара сабақтастық іс шарасы өткізілді. 1-сыныпқа бейімделуі, дағдылары мен оқуға даярлығы туралы бақыланды. Сұқбат барысында тәрбиешілер оқушылардың дарындылығын, оқуға деген құштарлығын көріп 1- сыныпқа бейімделіп, дағды қалыптасқанын байқағанын айтты. Өз тәрбиешілерін көрген оқушылар қуанып суретке түсіп алды.

#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының С.Сейфуллин  атындағы  жалпы білім беретін  мектебінде  қыркүйек  "Еңбек күні" мерекесіне орай өз кәсібін жетік меңгеріп, жанын сала еңбек етіп , өзінің табысын маңдай терімен тауып отырған, қарапайым жұмысшы жандарды   құрметтеу мақсатында «Еңбек–ырыстың  кіліті» атты  кездесу өтілді.
     Кездесуді  ДТЖЖО Г.Бейсенбаева мен кәсіптік  бағдар беруші маман Қ.Байдаулетова ұйымдастырды.
"Адам өмірін сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін құндылық – еңбек", әрбір жан биік арманына еңбектің арқасында қол жеткізетіндігі туралы айта отырып,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны туралы  түсіндіріп  өтті. Шара барысында еңбегімен елге қызмет жасап жүрген азаматтардың еңбегін  бағалап  құрмет көрсету керектігі  айтылды.  Адал еңбек иесі Қуанышбаева Забира  Жұманқұлқызына  еңбек мерекемен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Кездесудің екінші  кезеңінде 
кәсіби бағдар беруші маман  Қ.Байдәулетова  оқушыларға  мамандық  таңдауға  бағыт-бағдар  беру мақсатында ' Мамандық  таңдауда  нені ескеру керек" тақырыбында  оқушыларға  кәсіби  ағарту  жұмыстары жүргізілді.
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 30-ші қыркүйек  күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында алғашқы  кезең  биыл жылдың атаулы күндердің бірі С.Сейфуллиннің 130 жыл толуына байланысты "Сәкеннің сырлы әлемі" атты айының қорытындысы болып өтті. 
Жобаның мақсаты: 
  Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
Жобаның міндеті:  
  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту; 
  оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
Жобаның өзектілігі: 
2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып 5-10 сынып оқушылар арасында 9 айға жоспарланған тоғыз ұлы тұлғаларды ұлықтау мақсатында жүргізу.
"Ұлыларды ұлықтау'' жобасында  5-10 сыныптарға бір ай  бойы  
5-сынып "Ақсақ киік " аңызы 
6-сынып "Аққудың айырылуы" поэмасы
7-сынып "Көкшетау " поэмасы
8-сынып "Қызыл сұңқарлар" пьеса
9-сынып "Жер қазғандар" повесі
10- сынып "Тар желі, тайғақ кешу" атты тарихи мемуарлық романы бойынша  әдеби шығармалар жиынтығынан оқылымға берілді. 
Осы әдеби шығармалар желісі аясында 4 номинациялар арқылы оқушылар қатысты. 
Олар:
1. "Қалдырған ізің мәңгілік" ЭССЕ жазу
2."Оқу білім қазығы, адамның азығы" шығарманың үзіндісін ары қарай жалғастыру ой түйінің айту.  
3. "Сәкенің сырлы әлемі" сурет және ән айту
4. "Smart Teens шоу" интеллектуалды сайыс. 
"Ұлыларды ұлықтау" жобасы нәтижесінде 94 оқушы қатысып  4 түрлі номинациялар бойынша I, II, III орындармен 60 оқушыны мектеп директоры  Исаева Гүлжамал Егізбайқызының мадақтама қағазымен марапатталды. 
       🖊️ Баспасөз қызметі.


#Педагогикалықшеберхана 
      Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
    Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп " КММ-де 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қазанның 1 күні "БағдарLike" атты жаңа жоба ІІ кезеңнің бірінші "AQYL жас" интеллектуалды сайыс жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы физика-математика пәндердің бірінші іріктеу кезеңінен өткен  15  оқушы, 5 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 3 топ қатысуға жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы құрамы математика пәнінің мұғалімдері Оспанова Жеңіс Бигалиевна, Аманкулова Гулжан Прмашовна, Утелова Раушан Лесбековна, физика пәнінің мұғалімі Курманалиева Лаззат Амиреевна болды.
Жүзден жүйрік атанып шыққан "AQYL жас" жас өркендерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!


Арыс қаласының “Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты, “С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектебіміздің аға тәлімгері Т.Даулетбаева “ДУБЛЕР күніне”арналған штаттық кестені Өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларына таныстырды. 
🇰🇿Мақсаты: Білім беру оқу әдістемелік орталығы мектептегі өзін өзі басқару жұмысын жандандыру,тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру
Мектеп директорының ДУБЛЕР лауазымына кандидатураларды ұсыну үшін өзін өзі  басқарушылар тобы бекітілді.
🇰🇿Мектеп әкімшілік мүшесі,пән мұғалімдерін төмендегі оқушылар алмастырсын. 
Лауазымы
1.Мектеп директоры Г.Исаева - 11”А”сынып оқушысы Мекембай Бану
2.ДОІЖО Ш.Сарсенбаева 11 “А” сынып оқушысы Майданбек Аида
3.ДТІЖО Г.Бейсембаева - 11”Ә”сынып оқушысы Исламбек Сандуғаш
4.ДБОІЖО  Ахтаева Гүлзат -11 “Б” сынып оқушысы Ералықызы Аяулым


#Педагогикалықшеберхана 
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 1-ші қазан күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында  қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының 220 жыл толуына байланысты "Ереуіл атқа ер салмай..." атты айының ашылу салтанаты өтті. 
Жоба үйлестіруші: ДБОЖО Г.Ахтаева 
Жоба жетекшісі: қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова 
Жоба сарапшылары: мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева 
🔹️Жобаның мақсаты: Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
🔹️Жобаның міндеті:
▫️ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▫️ оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
🔹️Жобаның өзектілігі: 
2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып 5-10 сынып оқушылар арасында 9 айға жоспарланған тоғыз ұлы тұлғаларды ұлықтау мақсатында жүргізу.
"Ереуіл атқа ер салмай..." атты Маханбет Өтемісұлына арналған жоспарда 5-10 сыныптар бір ай  бойы төмендегі іс-шараларға дайындалады.
1. "ЕР ҚҰТҚАРАР ЕР ЕДІМ..." шығармаларын жатқа оқу.
2."ҰЛЫ АРМАН" сурет салу 
"ШАШАҚТЫ НАЙЗА, ШАЛҚАР КҮЙ" күйлерін тарту.
3. ТАРТЫНБАЙ СӨЙЛЕР, АСЫЛЫМ..." жас ақындардың өз туындысы
4."БІЗ НЕТКЕН ЕР, НЕТКЕН ЕР? СЕРГЕЛДЕҢГЕН ӨТКЕН ЕР" интеллектуалды сайыс /орыс тілі мен ағылшын тілінде/
Алдағы қорытындылау сәтінде мектебіміздің жас оқырмандарына тек сәттілік тілейміз! Алар асулары көп болсын!


#Біртұтастәрбие 
   “ҚАРТТАРЫМ, ТҰНЫП ТҰРҒАН БЕРЕКЕМСІҢ” қарттар күніне арналған іс-шара
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 01 қазан күні тәлімгер Т.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен мектебіміздің ардагер ұстаздары асыл әжелерімізді мерекемен құттықтап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шараға Зейнеткер ұстаздар Умирбекова Сұлухан апай, Алтынбекова Райхан апай, Еркебаева Мүтабар апай  сондай-ақ, мектебіміздің директоры Гүлжамал Егізбайқызы мен ДТЖЖО Гүлдархан Алдешқызы, әжелер алқасы қатысты. 
Жиын соңында оқушылар ардегер ұстаздарымыздан бата сұрап, батасын алды.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабамыз ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.



#Біртұтастәрбие
"С.Сейфуллин жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
Қарттар күніне орай, қаламыздағы жасы үлкен Құрмаш әжемізге сый-құрмет көрсету мақсатында ,үйінің ауласына тазарту жұмыстарын жүргізіп, қыстық отын дайындап көмек көрсетті.
Сондай-ақ , оқушыларымызға әжеміз ақ батасын берді.
Акцияның мақсаты: мектеп оқушылар арасында еріктілердің қатысуымен сенбіліктер, аула тазалау, мектептің және сыныптың тазалығына мән беру, ардагер ұстаздарға, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, қарттарға көмек беру, сый құрмет жасау болып көзделген.





Арыс қаласының  білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы білім беретін  мектебінде 2024 жылдың 3 қыркүйек күні "Даналық ұстаздан" челленджі бойынша   "Қалықта әнім ,Ұстазым"  атты әні А.Дүйсенов  сөзі Б.Шолбековтің  "Ұстазым" әні шырқалды.



ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 
🔹"С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу мақсатында  білім алушыларға   түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. 
 🔹️Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Байжанысов, мектеп инспекторы Ж.Таттыбеков қатысты. 
🔹️Мақсаты: оқушыларға құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіру, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. 
🔹️Мектеп инспекторы республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасында орын алған құқықбұзушылық, оқушылардың қатысуымен орын алған құқықбұзушылық, мектеп пен оның айналасына тыйым салынған, қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын, жалған хабарламалар мен суық қаруды алып жүрудің жауапкершілігі туралы түсіндіріп өтіп, кез-келген жағдайда құқықтық сауатты болуға шақырды.
 🔹️Кездесуде оқушыладың  құқықтары, құқықбұзушылыққа байланысты жаза түрлері туралы құнды мәліметтер алып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.


Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Ұстаздар күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес 11сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 
"Мұғалім —мектептің жүрегі"  тақырыбында челлендж видеоролик жасалынды.
Мақсаты: 
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


#Педагогикалықшеберхана
    "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 27.09.2024жылғы №1881 хатына сәйкес "С.Сейфуллин жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-4сынып оқушылары арасында  "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен "Алтын сақа" республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.  Олимпиадаға 3-сынып оқушылары арасында 13 оқушы қатысып,  Пернеш Адина І орын, Төлеген Бейбіт ІІ орын, Түзелбай Таңшолпан ІІІ орын иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
4-сынып оқушылары арасында 11 оқушы қатысып,  Үсен Пернеайым І орын, Файзхан Ислам  ІІ орын, Ескермес Аймерей  ІІІ орын иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.


#Педагогткалықшеберхана 
     Арыс қаласының "Білім бөлімі "мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11 сынып оқушыларына ДБОЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы "Бейінді оқытудың жағдайындағы бағдарлы білім беру үдерісінің мазмұны" тақырыбында баяндама оқыды.
 ✔️Мақсаты: Оқушыларға кәсіби оқыту мен болашақ мамандықты тандауға қолдау көрсету.
 Бітіруші сыныптарға мамандықты тандауда, мақсатынды жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық қажет ететінін айта кетті.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Арыс қаласының  «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты « С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде  04.10.2024ж. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары мектеп пен көше бойларын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат:
 Қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
 Барша ауыл тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз! 
 Тазалық - Біз бен Сізден басталады! 


#Педагогикалықшеберхана 
✔️ Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қазанның 7 күні "БағдарLike" атты жаңа жоба ІІ кезеңнің бірінші "AQYL жас" интеллектуалды сайыс жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы информатика-математика пәндердің бірінші іріктеу кезеңінен өткен  15  оқушы, 5 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 3 топ қатысуға жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы құрамы математика пәнінің мұғалімдері Оспанова Жеңіс Бигалиевна, Аманкулова Гулжан Прмашовна, Утелова Раушан Лесбековна, информатика пәнінің мұғалімі Туткабаева Бота Қанатқызы болды.
Жүзден жүйрік атанып шыққан "AQYL жас" жас өркендерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!


"ҰСТАЗ -  деген жарқын күні ғаламның"
🌷🌷🌷
 “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 04.10 күні «Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында  «Ұстаз деген-жарқын күні ғаламның » атты мектеп тәлімгері Т.Даулетбаева, ұйымдастырушы педагог Қ.Абдыхан мен “Өзін -өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ұстаздар кеші өткізілді.
🎀Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің ұстаздар арқылы ұрпақтан ұрпаққа жол тартады. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Мұғалімнің бала тәрбиесіндегі, білім шыңына жету жолындағы қосар еңбектері мен үлестері орасан зор. Жиын барысында концерттік қойылымдар көрсетіліп, ұстаздар құрметіне ән, би  шырқалды. 🍂🍂🍂



#Педагогткалықшеберхана 
  Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 қазан күні музыка пәнінің мұғалімі Оразалиева Меруерт 5 "ә" сынып оқушыларына  "Күй құдіреті" тақырыбында  ашық сабақ өтті.
-Сыныпты үш топқа біріктіріп мағынасын ашты.
-Сабақта сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасын сұрап  топтық жұмыс, жеке жұмыстар жасалды.
-Сабақта жаңа күй тыңдалып, күйдің бөлімдерімен танысып, музыкалық терминдермен танысты.
Сабақ соңында үй тапсырмасын беріп, кері байланыс жасалды. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.
#Педагогикалықшеберхана 
   Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   8  қазан күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бақтыбаева Қалданай Жолдасқызы « Шығармашылық жұмысты орындау. Сәндеу мен безендіру» тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Сабақтың оқу мақсаты: 9.2.1.1-Мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану.
 Сабақтың мақсаты: Интерьерге декор жасайды және безендіреді; Пайдаланылатын материалдардың қасиетін түсінеді; Орындалған жұмыстың бірізділік тұрғыда сындарлы зерттеу нәтижесін жариялайды . Сабақта оқушыларды «QAZMATH» әдісі арқылы топқа біріктіріп, «Миға шабуыл» әдісімен өткен сабақты пысықтады. Сарамандық жұмыс: «Тенерифе» тәсілімен кілем тоқыды. «Жетістік баспалдағы» әдісімен сабақта кері байланыс жасады.



#Педагогикалықшеберхана 
  Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өсербай Айбол   5, 6, 7  сынып оқушыларына  "Асық ұлттық ойын"  тақырыбында  ашық сабақ өтті.
-Сыныпты екі топқа  біріктіріп мағынасын ашты.
Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Асық ойынында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Асық ойыны – ұлттық спортымыздың бір түрі.
Ашық сабақ соңында үй тапсырмасын беріп, кері байланыс жасалды. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.


#Педагогикалықшеберхана 
  Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сайлаубай Аслан   шахмат үйірмесінен 5, 6, 7  сынып  оқушыларына " 2 жүрісті мат"  тақырыбында  ашық сабақ өтті.
- Сыныпты екі топқа  біріктіріп мағынасын ашты.
Шахмат – көнеден келе жатқан ақыл ой өрісті дамытатын үстел спорт ойыны. Шахмат ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. 
Ашық сабақ соңында оқушыларды мақтап марапаттап, кері байланыс жасалды. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.


#Педагогикалықшеберхана 
   Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ізгілік" еңбек, ән, дене шынықтыру пәндер бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, 9 қазан күні еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Алтын күз" жәрменкесі ұйымдастырылып өтті. Жәрменкеге мектебіміздің 1-9 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Күз уақыты  молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау. Оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу балалардың қызығушылығын арттырып, қолдан пісірген дәмді тағамдары мен көкөністерін ұсынды.


#Педагикалықшеберхана 
    Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 қазан күні Көркем еңбек  пәнінің мұғалімі Байдәулет Қарлыға 6 "А" сынып оқушыларына  "Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар)" тақырыбында  ашық сабақ өтті.
Сабақтың оқу мақсаты:
- Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білім мен түсінігін көрсету.
Сабақтың мақсаты: 
Визуалды бейнелерді қимыл- қозғалысқа келтірудің әдістерін зерттеу. Мультфильм кейіпкерлерін ермексаздан жасап үйрету. 
- Сабақ үй тапсырмасын сұраумен "Миға шабуыл" әдісімен басталып, үй тапсырмасы пысықталды. Оқушылар үй тапсырмасына жауап берді.
Жаңа сабақта - Анимация өнерінің шығу тарихымен таныстырылып, Қазақтың ең алғаш" Қарлығаштың қанаты неге айыр?" анимациялық фильмі көрсетіліп таныстырылып өтілді және "Алдар көсе" мультфильмінен үзінді көрсетті.
Оқушылар ең алғаш шыққан мультфильмді көріп, мән мағынасын сезінді. 
Оқушылар ермексаздан мультфильм кейіпкерлері мен заттарды жасап ой -өрістерін дамытты.
Сабақ соңында үй тапсырмасын беріп, кері байланыс жасалды. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.


#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының  "Білім  бөлімі" ММ-не  қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы білім беретін  мектебінде "Даналық  мектебі" жобасы  аясында  Әкелер  кеңесінің  жиналыс  өтілді
Жиынға  қатысушылар:
Арыс қаласының  Ардагерлер кеңесінің  жанынан  құрылған Әкелер  мектебінің  төрағасы И.Қалиев, Арыс АПБ,ЖПҚ,ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры А.Мырзахметова, Жастар  ресурстық орталығы КММ-ның  психологы А.Үсен, Арыс АПБ,КТЖ,ЖПҚ,УПИ полиция капитаны Жәнібек Азамат , мектептің  қамқоршылық  кеңесінің  мүшесі С.Кенжебеков қатысты.
Әкелер мектебінің  өткен оқу  жылындағы  есебі  тыңдалып, жаңа оқу жылындағы  атқарылатын  жұмыстарды  айқындады.
Әкелер кеңесінің жаңа  құрамы  сайланды.


#Педагогикалықшеберхана 
   Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ізгілік" еңбек, ән, дене шынықтыру пәндер бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, 11 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Жақсыбеков    9 "А" сыныбына "Волейбол ойыны. Командалық шабуыл" тақырыбында ашық сабақ өтті.
 Сабақ мақсаты:   Оқушылардың командалық жұмыс негізінде үйрету, екі жақты ойын арқылы көшбасшылық қабілетін дамыту. 
  Сабақтың барысында мұғалім волейбол ойынының әдіс-тәсілдері мен қимыл-қозғалыс, шапшаңдық қабілеттерін дамыту қажет екенің оқушыларға түсіндіру жұмысын жасады.
 Бүгін ашық сабақта мұғалім білім алушыларға жалпы дамыту   (дене қыздыру) жаттығуларын жасатып, 3 командаға біріктірді. Командалар арасында тартысты ойын болды. Сабақ соңында волейболдың тактикалық әдіс-тәсілдерінен кеткен қателіктерді мұғалім тарапынан түсіндіру жұмысын жасап, оқушыларды мақтап, марапаттап қорытынды жасады. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді.


#Педагогикалықшеберхана 
    Арыс қаласының  білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ  11 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Асилов Мухит Майданбекович  6"А" сынып оқушыларына "Эстафеталық ойындар" тақырыбында ашық сабақ өтті. 
Сабақтың мақсаты: Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл—қозғалысты дағдыларын қолдану. 
 Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты “ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.10.2024 ж. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары мектеп ауласын тазалау  жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат: қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Барша қала тұрғындары мен жерлестерімізді, игі бастаманы қолдап, тазалық жұмыстарының ұйытқысы және жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз! 
Тазалық - Біз бен Сізден басталады! 



#Біртұтас_тәрбие
Арыс қаласының  білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин  атындағы  жалпы білім беретін  мектебінде 2024 жылдың 11қазан  күні  1-2 сыныптың  ата-аналарымен  Ата-аналарды  педагогикалық  қолдау  орталығының  сабағы  өтілді.
Бастауыш  пән  бірлестігінің  жетекшісі Ж.Айтбаева мен 1 сыныптың  мұғалімі Ш.Жақыпбекованың  ұйымдастыруымен  өтілген  сабақ, оң  нәтеже беріп, ата-аналарға  баланың  ұйқысының  маңыздылығы  туралы  көп кеңестер беріле  отырып , топтық  тапсырмаларды орындатты. Сабақ  ата-аналардың  көңілінен шығып, кері байланыстар жасплды.



#Педагогткалықшеберхана 
     Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты"С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-ші қазан күні бейнелеу өнері пән мұғалімі Исабекова Ботакөз Парменқызы 5"А" сынып оқушыларына "Қала пейзажы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: Қала пейзажын салу кезеңдерін меңгеру, перспектива заңдарын пайдалана отырып сурет салу қабілетін арттыру.
Сабақта "Кір жайғыш"әдісін пайдалана отырып үй жұмысынан сурет көрмесін жасады"Мозайка " әдісін пайдаланып, сурет қиындыларынан қала пейзажын құрастырды.


#Педагогикалықшеберхана 
     Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де  11-ші қазан күні музыка пәні мұғалімі  Оразалиева Меруерт Сейтханқызы "Күз ханшайымы" байқауын өтті. Байқауға 3-4 сынып оқушылары қатысты. Күз мезгілінің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, күз мезгілінің әсем көріністерін қолдан жасап келген бұйымдарымен паш етті. Байқауда үздік деп танылған оқушылар марапатталып, күз ханшайымы атағын Айнабек Інжу жеңіп алды.



#Педагогикалықшеберхана 
   Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 қазан күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Асқарова Айман 7 "ә" сынып оқушыларына  "Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізіндегі тәжірибе жұмысы (2D немесе 3D форматта)" тақырыбында  ашық сабақ өтті.
-Сыныпты екі топқа біріктіріп мағынасын ашты.
-Сабақта "Өрмекшінің торы" әдісімен сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрап  топтық жұмыс, жеке жұмыстар жасалды.
-Сабақта оқушылар 2D және 3D суретін салды. Тапсырманы оқушылар жеке орындады.
Сабақ соңында кері байланыс жасалды. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.



         Арыс Қаласының “ Білім Бөлімі” ММ-не қарасты, “С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де жасөспірімдер арасында  “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында 8-9-10-11 сынып қыздарының қатысуымен жиналыс болып өтті.
Қатысушылар:
Арыс аудандық орталық ауруханасының гинеколог-дәрігері Сурымбаева Гулжан Аймаханқызы
Арыс аудандық орталық ауруханасының психологтары Маметова Гульвира Қалдыбайқызы
Бектасаова Салтанат Қалдыбекқызы
Тілданова Әйгерім Бахтиярқызы
“Асыл жүрек” отбасылық қолдау психологиялық сүйемелдеу қызметі” бөлімшесінің социологы Дүйсенбаева Анар Муратқызы
Жиналыста жаспөспірімдер арасындағы ерте жүктілікті болдырмау,қызды қырық үйден тыю секілді тақырыптар қозғалды.Психолог қыздармен тренингтер жүргізіп, пікір алмасты



#Birtutas_tarbie
“РЕЙХСТАГҚА ТУ ТІККЕН- РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ.                                                                                                                                              
🔰Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты  С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 14 қазан күні 10 “А” сынып жетекшісі Ұлықбек Ақнұрдың ұйымдастыруымен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай “Рейхстагқа ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев” тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы, ауылымыздан қатысқандар батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әнұран орындалады.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар бұрын білмеген ақпараттар алып, сұрақтарға жауап беріп, соғыс, Отан туралы жаттаулар айтты.



#Педагогикалықшеберхана 
✔️ Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қазанның 15 күні "БағдарLike" атты жаңа жобасының химия- биология бағыты бойынша  ІІ кезеңнің бірінші "AQYL жас" интеллектуалды сайысы жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы химия-биология пәндердің бірінші іріктеу кезеңінен өткен  15  оқушы, 5 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 3 топ қатысуға жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы құрамы биология пәнінің мұғалімдері Б.Абзелова, Г.Мамаева, химия пәнінің мұғалімдері С.Жұманова, Ұ.Қараева  болды.
Жүзден жүйрік атанып шыққан "AQYL жас" жас өркендерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!


#Педагогикалықшеберхана 
"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 қазан күні "Ұлыларды ұлықтау" атты жаңа жобасының алғашқы 3-4 сынып оқушылары арасында өтілді.
Жобаны ұйымдастырушы: Г.Ахтаева 
Жоба үйлестіруші: М.Калымбетова
Жоба кеңесшілері: Г.Исаева, Ш.Сарсенбаева
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ Жобаның өзектілігі: "Ұлыларды ұлықтау'' жобасы 2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып, 3-4 сынып оқушылар арасында ұлыларды ұлықтау мақсатында жүргізілу.
⚜️ Жобаның міндеті: 
▪️оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
▪️көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▪️оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▪️оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби, шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету;
▪️жазу мәдениетін қалыптастыру;
Алғашқы жобаның ашылуы өзіміздің білім беру мекемемізге  есімі берілген С.Сейфуллинге биыл 130 жыл толуына байланысты,  қырқүйек, қазан айлары "Сәкеннің сырлы әлемі" атты тақырыбымен ұйымдастырылып жұмыс жүйелі басталды.
3-4 сыныптарға берілген "Сакен - жырдың сарқылмас дариясы" атты байқауда оқушылар С.Сейфуллиннің өлең шумақтарын жатқа айтып, ерекше  дарындылықтарымен көзге түскен жас оқырмандарымыз І, ІІ, ІІІ дәрежелі мектеп директоры Г.Исаеваның грамотасымен марапатталды.
Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарымыз оңтайлы нәтиже беріп, ұлтжанды ұрпақтарымыз арта берсін!


#Педагогикалықшеберхана
     Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ   11 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Алимбеков Мақсат Ескермесұлы 8 "Ә" сынып оқушыларына "Футбол ойыны, командалық ойын" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық ойындарды дәріптеу.
​​​

#Педагогикалық_шеберхана 
Түркістан облысы Арыс қаласының "Білім бөлімі" кмм-не қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" кмм-нің 2024 жылдың 16 қазан күні “Алтын түлек” математикалық олимпиадасының мектепішілік іріктеу кеңені  өтелді.
Олимпиада логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. 10 сыныптан  5 оқушы, 11 сыныптан 7 оқушы , жалпы өз бақтарын сынап көру үшін  12 оқушы қатысты. Жоғары көрсеткіш баллды көрсеткен 10 сынып оқушылары А.Қалдыбек, Б.Аружан және 11 сынып оқушылар А.Зейнабилин, А.Құлман келесі кезеңге өтті. Екінші кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!



#Педагикалықшеберхана 
   Арыс қаласының "Білім бөлімі " мемлекеттік мекемесіне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін  мектебінде 11 сынып оқушыларымен "Заман мен кәсіп " тақырыбында дөңгелек үстел болып өтілді. 
Дөңгелек үстел мақсаты:
Оқушыларға заман мен кәсіп туралы түсіндіріп, бағыт-бағдар беру.
Дөңгелек үстел ДБОЖЖО Г.Ахтаева және Кәсіби бағдар беруші Қ.Байдәулет  жетекшілігімен оқушыларға заман мен кәсіп туралы түсіндіре отырып, сұрақтар қойылып, жауап алынып дөңгелек үстел өз дәрежесінде өтілді.



🍁 Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады
📆 Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.
📁 Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары  ұсынылады.
📑Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
• «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде   «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
• Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі;
• «Мектеп театрының»  жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
🔺 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
✔️ Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.





Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөлімінің 
 “С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сәйкес “Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік” құндылықтар негізінде 2-9 сынып  оқушылары  аралығында   сыныптар  “Алтын күз” жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді.




#Педагогикалықшеберлік
2024-2025 оқу жылына арналған
Жалпы білім беретін мектеп жобасы аясында кадрлық саясатты дамыту, білім беру сапасын арттыру мен оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында “Эрудит ұстаз” жобасы жоспарланды. Аталған жобада атқарылатын іс- шаралардың мазмұны білім саласында заманауи талаптарды терең бойлаған, педагог кадрлардың ізденпаздығын дамыту бағытында бірнеше іс-шаралар жоспарланып бекітілді. Бекітілген жоспарда 02-18 қазан  аралығында педагогтердің шығармашылығына арналған “Үздік кәсіби даму жоспары” сырттай байқауы өтуде. Байқаудың бұйрығы мен ережелері педагогтердің назарына ұсынылып жұмыс жүргізілуде.



✅"МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ" САЙЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ✅
 ✅  Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылы. 
 ✅ 19 қазан күні  9-11 сынып оқушылары арасында тәлімгер Т.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен  "Өзін-өзі басқару" ұйымының Президент және 8 фракция көшбасшысын  сайлауы болып өтті. Президентке үміткер оқушылар өз бағдарламасын, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынып, жүзеге асыру бойынша болашақ жоспарларымен бөлісті, президент лауазымы үшін білімін, идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сайлау қорытындысы бойынша басым дауыспен  11 «А» сынып  оқушысы Набиалы Иса "Өзін-өзі басқару" ұйымының  Президенті  болып сайланды. Мектеп Президенті оқушылар алдында өз антын берді. 
Жаңа президентпен бірге мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа  министрлер құрамы  анықталды


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысының білім басқармасының "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 19 қазан күні санитарлық – тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» акциясы – тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетін бастамалардың бірі. 
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілікке ерікті түрде атсалысты. 
Осы ретте барша қала, ауыл тұрғындарын игі шараға атсалысуға шақырамыз. 
Мектеп ауласын, маңайын шөптен, қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық – біз үшін басты құндылық. 
Тазалық – біз бен Сізден басталады! 
Туған жерімізді бірге түлетейік, бірге көркейтейік!!!
https://www.facebook.com/share/p/1DtoCBEhqc/


#Педагогикалықшеберхана 
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 21-ші қазан күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында  қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының 220 жыл толуына байланысты "Ереуіл атқа ер салмай..." атты айының "ЕР ҚҰТҚАРАР ЕР ЕДІМ..." шығармаларын жатқа оқу кезеңі өтті.
Жоба үйлестіруші: ДБОЖО Г.Ахтаева 
Жоба жетекшісі: қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова 
Жоба сарапшылары: мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева 
🔹️Жобаның мақсаты: Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
🔹️Жобаның міндеті:
▫️ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▫️ оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
"Ереуіл атқа ер салмай..." атты Маханбет Өтемісұлына арналған жоспарда 5-10 сыныптар арасында  бір ай  бойы жыр шумақтарын жаттаған 40 білім алушылар қатысып,  І, ІІ, ІІІ дәрежелі орындарға ие болды.
Алдағы екінші кезеңде жас оқырмандарына тек сәттілік тілейміз! Алар асулары көп болсын!


#Педагогикалықшеберхана 
✔️ Мектепішілік  "БағдарLike" жобасы 
Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024-2025 оқу жылының даму жоспарына сәйкес қазанның 22 күні "БағдарLike" атты жаңа жобасының география- биология бағыты бойынша  ІІ кезеңнің бірінші "AQYL жас" интеллектуалды сайысы жоғары дәрежеде өтілді. 
Жоба әзірлеуші/үйлестіруші: ДБОЖЖО: Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: Абилдаев Мейірхан Жарылқасынұлы 
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы 
⚜️ Жоба мақсаты: Білім алушылардың кәсіптік қызығушылықтарына, жеке дарындылық қабілеттеріне және өзіңдік бағытын саналы тандауға ақпараттандырылып, іске асыруына бағыт бағдар беру.
⚜️Жобаға жаратылыстану бағытындағы химия-биология пәндердің бірінші іріктеу кезеңінен өткен  15  оқушы, 5 топты құрап сайыста  бақтарын сынап, келесі кезеңге 2 топ қатысуға жолдама алды.
"БағдарLike" жобасының әділ қазылар алқасы құрамы география К.Мұстафаева, М.Жаңабаева, Г.Мамаева  болды.
Жүзден жүйрік атанып шыққан "AQYL жас" жас өркендерімізге алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!




#Педагогикалықшеберхана 
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 22-ші қазан күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында  қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының 220 жыл толуына байланысты "Ереуіл атқа ер салмай..." атты айының ашылу салтанаты өтті. 
Жоба үйлестіруші: ДБОЖО Г.Ахтаева 
Жоба жетекшісі: қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова 
Жоба сарапшылары: мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева 
🔹️Жобаның мақсаты: Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
🔹️Жобаның міндеті:
▫️ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▫️ оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
"Ереуіл атқа ер салмай..." атты Маханбет Өтемісұлына арналған жоспарда 5-10 сыныптар бір ай  бойы шығарма аясында өз туындыларын дайындап, "ҰЛЫ АРМАН" сурет салу  "ШАШАҚТЫ НАЙЗА, ШАЛҚАР КҮЙ" күйлерін тартып өз өнерлерін көрсетті. Үздік туындылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі орындарға ие болды.
 Жас оқырмандарына тек сәттілік тілейміз! Алар асулары көп болсын!


Түркістан облысы,« Арыс  қаласының білім бөлімі »  мемлекеттік мекемесіне қарасты « С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдык мемлекеттік мекемесінің  2024-2025 оқу жылында«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында , Республика күніне орай Адырбекова Алима 6 "Б" сыныбына  "Менің елім- Қазақстан" тақырыбында челлендж өткізді.
      Мақсаты: Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап , Отанды , елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Болашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/share/v/1EZVisSNJB/




#біртұтастәрбие
    25 - қазан Республика күніне орай, “ С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекетік мекемесінде тарих пәнінің мұғалімі Хайрушева Қалжан ұстаздың  «Қазақ елі менің – Отаным» атты республика күнін атап өтудің тарихи маңызы жөнінде  ақпараттық сағаты өтілді. 
Ақпараттық сағаттың мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы егемендікке жету жолындағы жүргізілген тарихи маңызы бар кезеңдер туралы ақпарат беру, Отанға деген азаматтық патриоттық сезімді қалыптастыру және отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Ақпараттық сағат барысында оқушыларға 25 - қазан күні халқымыз үшін маңызды және атаулы мерекенің бірі-Қазақстан Республикасы  күнін атап өтілуі, 1990 жылы Қазақ КСР-дің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды, ол тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның саяси құқықтық негіздерін салтанатты жариялаған күн екендігі ,Республика күні біздің тұрақты түрде дамып келе жатқан мемлекеттеріміздің мерекесі болып табылатыны жайынды бір қатар мағлұматтар берілді. Оқушылар егемендік алған кезеңнен бастап қазақ тарихында болған жетістіктер жайында өз ойларымен өз ара бөлісті.



"С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де “Республикам менің -мақтанышым” челленджі !
Бүгін біз Қазақстан Республикасының күніне орай қуанышты сәттерді бөлісіп, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – осы ерекше күнмен құттықтаймыз! Тарихымыздың жарқын беттеріне көз жүгіртіп, елдің дамуына, мәдениетіне, және болашағына деген сенімділігімізді арттыра отырып, бір-бірімізге шынайы тілектер мен құттықтауларымызды жолдаймыз. Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының жүрегінде Отанға деген махаббат, береке мен ынтымақ болсын! Құттықтаймын! Жаса, Қазақстан!»



"МӘҢГІ ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ!"МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
 Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2024 жылғы 24-қазан күні тәлімгер Т.Даулетбаеваның ұйымдастыруымен Республика күні мерекесіне орай «Мәңгі жаса, қыран елім!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолын, Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру;
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға баулу;
Тарихи сананы қалыптастыру, тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара соңында өнерпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетті



#Біртұтас_тәрбие
«Арыс  қаласының білім бөлімі »  мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін  мектеп» коммуналдык мемлекеттік мекемесінде  2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында  4"Ә" сынып жетекшісі Р.Бимурзаеваның ұйымдастыруымен  "Республика менің тірегім" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.



✔️✔️ МЕНІҢ ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН 
🔶 Түркістан облысы білім басқармасының Арыс қаласының білім бөліміне қарасты "С.Сейфуллин  атындағы жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала әкімінің “25 қазан Республика күні» мерекесінің іс-шара жоспарына сәйкес, 21 қазан күні эстетикалық пән бірлестігі  оқушылармен "Менің елім Қазақстан" тақырыбында эстафеталық ойындар  байқауы ұйымдастырды. 
🔶 Оқушылар Республикамызды, туған елін, жерін құрметтеу
 🔶 Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, спортқа деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу. Қазақстанның патриотты азаматы болуға, елімізді құрметтеуге тәрбиелеу. 
оқушыларға рахмет айтылып, грамоталармен марапатталды
#Педагогикалықшеберхана 
✔️ "ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ"  ЖОБАСЫ 
Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 24-ші қазан күні  "Ұлыларды ұлықтау" жобасы аясында  қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының 220 жыл толуына байланысты "Ереуіл атқа ер салмай..." атты айының қорытындылауы өтті. 
Жоба үйлестіруші: ДБОЖО Г.Ахтаева 
Жоба жетекшісі: қазақтілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова 
Жоба сарапшылары: мектеп директоры Г.Исаева, ДОЖЖО Ш.Сарсенбаева 
🔹️Жобаның мақсаты: Білім алушыларды гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, интеллектуалды тұлға қалыптастыру.
🔹️Жобаның міндеті:
▫️ оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру ,көркем әдебиет оқу дағдыларын дамыту;
▫️ оқу сауаттылығын арттыру оқушылардың әдеби шығарма желісіне ілесе отырып оқиғаны бейнелеуге бейімдеу;
▫️Білім алушылардың  көркемдік талғамын қалыптастыру әдеби шығармадан түйген ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету, жазу мәдениетін қалыптастыру;
🔹️Жобаның өзектілігі: 
2024-2025 оқу жылы Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатының негізінде атаулы күндерді басшылыққа ала отырып 5-10 сынып оқушылар арасында 9 айға жоспарланған тоғыз ұлы тұлғаларды ұлықтау мақсатында жүргізу.
"Ереуіл атқа ер салмай..." атты Маханбет Өтемісұлына арналған жоспарда 5-10 сыныптар бір ай  бойы төмендегі іс-шараларға дайындалып, белсене қатысып, өз білімдерін сынады. 
1. "ЕР ҚҰТҚАРАР ЕР ЕДІМ..." шығармаларын жатқа оқу.
2."ҰЛЫ АРМАН" сурет салу 
"ШАШАҚТЫ НАЙЗА, ШАЛҚАР КҮЙ" күйлерін тарту.
3. ТАРТЫНБАЙ СӨЙЛЕР, АСЫЛЫМ..." жас ақындардың өз туындысы
4."БІЗ НЕТКЕН ЕР, НЕТКЕН ЕР? СЕРГЕЛДЕҢГЕН ӨТКЕН ЕР" интеллектуалды сайыс /орыс тілі мен ағылшын тілінде/
Әр бір кезеңінде жақсы нәтиже көрсете білген жас оқырмандар мектеп директоры Исаева Гүлжамал Егізбайқызының мадақтама қағазымен марапатталды.



"ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ" ЖОБАСЫ
   Арыс қаласы "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылының 24-ші қазан  күні 5-10 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған "Ұлыларды ұлықтау" жобасының  "Ер құтқарар, ер едім...." атты   ақын, ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға Махамбет Өтемісұлының туғанына биыл 220 жыл толуына байланысты орыс тілі мен ағылшын тілде "Smart Teens шоу" сайысы өткізілді.
Жобаны үйлестіруші/әзірлеуші: ДБОЖЖО Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 
Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Ниязова
Жоба кеңесшілері: мектеп директоры Исаева Гулжамал Егізбайқызы, ДОЖЖО  Сарсенбаева Шынар Аманбайқызы
⚜️ Жобаның мақсаты: білім алушыларды гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша кітап оқуға құштарлығын арттыра отырып, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
⚜️ "Ұлыларды ұлықтау'' жобасының ІV кезеңі  Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны және әдеби шығармалар жиынтығынан "Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңген өткен ер" тақырыбында "Smart Teens шоу" сайысында жас оқырмандар  орыс тілі мен ағылшын тілде берілген   сұрақтарға белсене қатысып, жарыса жауап берді.
   Білім алушылардың  жас ерекшеліктеріне қарай әділ қазылар алқасы тарапынан бағалау критерийлері қойылып,  әділ баллдық жүйемен бағаланып, орындары анықталды.
Жоба сарапшылары Г.Исаева, С.Тұрдалиева, Г.Қалдарова, Р.Ешимова, Г.Ергешова, Р.Ибраимова,  Б.Бекмурзаева  ұстаздардың қадағалауымен өткізілді.



🇰🇿 25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ! 
      ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жерлестер және әріптестер! 
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған  Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
Ізгі тілекпен, 
Арыс қаласының білім бөлімінің басшысы; Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы.


#спартакиада
Облыстық мұғалімдер спартакиасында Арыс қаласының мұғалімдер командасы жалпы есеп бойынша I орынды иеленді. Соның ішінде 
1.Асық атудан  III орын 
2.Тоғызқұмалақтан III орын 
3.Кіші футболдан II орын иеленді. 
Кіші футболға Арыс қаласының “Білім бөлімі” ММ-не қарасты,”С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене тәрбие пәнінің мұғалімдері Жақсыбеков Мақсат және Алшынбаев Ердос өз үлестерін қосты.
Ұстаздарымызға Арыс қаласының атынан шығып, мықты ойын көрсете білгені үшін алғыс білдіреміз .Дендеріңізге саулық, толағай табыс тілейміз!


#Тәрбиесаласы
Ұстаз-қандай қастерлі де ұлағатты сөз! Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға, ерекше жан бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі ұстаз деп ойлаймын. Қазақтың бір туар азаматы А. Байтұрсынов «Адамдық диханшысы» деп ұстазды жайдан-жай атамаған. Өткені ол шәкірттің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан. Осындай ұлы қызметті жаны сүйген, қырық жылдай еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты да қадірменді  ұстазымыз, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Бейсенбаева Күлдархан Әлдешқызының зейнеткерлік жасқа толуына арналған «Абыройлы еңбекпен-құрметті зейнетке» атты кеш өткізілді. Салтанатты жиынға  Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ  комитетінің төрағасы Мухаев Жұматай, Темірхан Әбдіков, Ғазиза Сейітқұлова, Райхан Алтынбекова, Талғат Асқаров, Нұрғали Сарманов,  сонымен қатар Маханов Ерлан мырза бастаған бір топ сыныптастары келіп, кештің қадірменді қонақтар болды. Өтілген іс-шарада жас мамандар  Ұстаздың еңбек жолынан қазіргі күнге дейінгі кезеңдерін сахналық қойылымда сомдай отырып,  қонақтар мен көрермендерге үлкен әсер қалдырды.  
Ақын Т. Әбдіков  Күлдархан Әлдешқызына арнаған тілегін өлең жолдары арқылы өрнектеп жеткізіп, әріптесінің еңбек жолындағы қызметіне алғысын білдірді. 
Ұстаздың бала күндегі бір топ сыныптастары гүл шоқтарымен құттықтап, өткен күндерге саяхат жасады.
Кештің барысында мектебіміздің күміс көмей әншісі Бекмурзаева Балнұр әсем әндермен жиналған көпшілікті тәнті етті.
Күлдархан Әлдешқызының аталған мектепте өзімен қатар қызмет жасап жүрген  Жақсыбеков Мақсат, Асқаров Талғат, Жолдыбеков Азамат, Қалымбетова Мадина, Досқараева Айгүл сынды шәкірттері бала күнгі естеліктерін айта отырып, ұстазға деген  ақ тілектерін жаудырып, құрметтерін көрсетті. Сонымен қатар ұстаздың бауырлары мен ұл-қыздары тілектерін айтып, немерелері құттықтау сөздерін  жолдап, құрметке бөледі.
Керемет әсерімен өткен салтанатты жиынға жиналған қонақтар мен ұстаздар қауымына Күлдархан Әлдешқызы рахметін айтып, алғысын білдірді.
Кешті мектеп ұжымы ұстазға арналған әсем әуенмен аяқтады.


МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ 
  Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 30 қазан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық 7-8 сынып оқушылар арасындағы олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. 
Мақсаты: Оқу барысында ғылым негіздеріне бейінділігімен қызығушылығы артқан дарынды оқушыларды анықтау, қалалық кезеңге қатысатын оқушыларды іріктеу. 
7-8 сыныптарға жалпы білім беретін 10 негізгі пәндер  (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, география, биология, информатика, Қазақстан тарихы) бойынша ІІ турдан тұратын тапсырмалар алынып, әр бір  пән бойынша жоғарғы балл жинаған бір ғана оқушы әділ қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге жіберілді. 
 Қалалық кезеңіне өткен әр бір білім алушыларымызға тек сәттілік серік болсын деп тілейміз.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН » СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 
    Арыс қаласының "Білім бөлімі" ММ-не қарасты "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 1-қараша күні сенбілік өткізді.
    “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп қызметкерлері мен ерікті оқушылар  тазалық шарасында  белсенділік танытты.
Мектеп ауласында түскен жапырақтарды сыпырып, жол жиегіндегі бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, қураған шөптерді тазалап, тазалық  жұмыстарын атқарды. 
Барша аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз!
Атқарылған сенбіліктер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив