Дүйсен Маржан Нұрланқызы

«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Дүйсен Маржан Нұрланқызы
- Тегі, аты, әкесінің аты: Дүйсен Маржан Нұрланқызы
- Лауазымы, жұмысы, кызмет орны: «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
- Жынысы: Әйел
- Туған жылы, айы, күні: 02.10.1994 ж.
- Ұлты: Қазақ
- Білімі: Жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Физика пәнінің мұғалімі.
- Жалпы жұмыс өтілі: 6 жыл.
- Саладағы жұмыс өтілі: 5 жыл.
- Осы қызметтегі еңбек өтілі: 2 жыл.
- Санаты: Физика пәні бойынша «Педагог- сарапшы»
- Кәсіби білімін жетілдіруі:
- 2020ж.Физика пәнінен «Оқушылардың жаратылыстану –ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» ПШО
- 2021ж. «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы ПШО
- 2022ж «Физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы. Өрлеу
- Өмірдерек және жұмыс тәжірибесі:
Дүйсен Маржан Нұрланқызы 1994 жылы 02 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
2001-2012 жылдары Арыс қаласы №11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқыған.
2012-2016 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін жаратылыстану-математика факультеті бойынша физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
2018 жылы Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Арыс қаласы білім бөлімінде бас маманның көмекші қызметін атқарды.
2019ж Арыс қаласы Абай атындағы жалпы орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2020 жылы №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінде физика пәні мұғалімін қоса атқарып жүрді. 2021ж Арыс қаласы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне ауысып физика пәнінің мұғалімі болып қабылданды.
2021 жылдан бастап Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мекетебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда аталған қызметті абыроймен атқарып келеді.
- Отбасылық жағдайы: Отбасылы
- Педагогикалық жетістіктері:
- 2018 ж. Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алғыс хаты
- 2019 ж. Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үздік сабақ жоспары» байқауы ІІІ деңгейлі «Диплом»;
- 2021 ж. Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дипломы» мұғалімдердің қалалық пән олимпиадасы жүлделі ІІ орын.
- 2021 ж. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Р.Жолаевтің «Құрмет грамотасы»
- 2021 ж. Арыс қаласының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алғыс хаты»;
- 2022 ж. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының құрмет грамотасы
- 2021 ж. «Механикадан оптикаға дейінгі қиындығы жоғары есептерді оңай жолмен шығару әдісі» баспасы ISBN 978601123-3 авторлық бағларлама авторы.