Ахтаева Гулзат Уалихановна
«С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі
директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары
Ахтаева Гулзат Уалихановна
1. Тегі, аты, әкесініңаты: Ахтаева Гулзат Уалихановна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм директордың бейін бойынша оқыту жөнінідегі орынбасары
3. Жынысы: Әйел
4. Туған жылы мен туған жері: 23.05.1987ж. Кызылорда облысы
5. Ұлты: Қазақ
6. Білімі: жоғары, ХҚДУ
7. Жалпы жұмыс өтілі: 14 жыл
8. Саладағы жұмыс өтілі:14 жыл
9. Осы қызметтегі еңбек өтілі: 2 жыл
10. Санаты: Биология пәні бойынша педагог-зерттеуші
11. Кәсіби білімін жетілдіруі:
- «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» курсы. Өрлеу
12. Өмірдерек және жұмыс тәжірибесі:
Ахтаева Гүлзат Уалиханқызы 1987 жылы 23 мамыр күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданынды дүниеге келген.
1993 жылы Жалағаш ауданында «Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейіне» 1 сыныпқа қабылданып, 2004 жылдары Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында №29. К.Тіленшин атындағы жалпы орта мектебін бітірген. 2004 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан Халықаралық достық университетін күндізгі бөліміне түсіп, биология мамандығы бойынша үздік қызыл дипломын алған.
2009 жылы Арыс қаласындағы, Задария елді мекенінде орналасқан Адамбеков атындағы жалпы орта мектебіне биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.
2022 жылдың 25 наурызынан бастап аталған мектепте директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметі атқарған.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары
қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда аталған қызметті абыроймен атқарып келеді.
13. Отбасылы жағдайы: Отбасылы, Жолдасы Ахтаева Бауыржан Нұрланұлы. Мұғалім. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиеленуде
14. Педагогикалық жетістіктері:
- 2018 ж. Түркістан облысы білім басқармасы «Ең үздік кіріктірілген сабақ жоспары» ІІІ орын алғаны үшін дипломмен марапатталған;
- 2018 ж. Шымкент облысының «Өрлеу» БАҰО АҚФ басқармасы «ХХІ ғасырдың зияткерлік әлеуеті: өнертапқыштық пен ғылыми ізденіс» жобасынан ізденімпаз мұғалім номинациясымен марапатталған;
- 2019 ж. Шымкент облысының «Өрлеу» БАҰО АҚФ басқармасы «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» республикалық ғылыми практикалық конференциясынан алғыс хатпен марапатталды;
- 2019 ж. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы «Үш тұғырлы тіл» мәдени-танымдық ауысымының өтуіне үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды;
- 2020-2021 ж. Оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне дарынды оқушыны дайындаған еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталған.
- 2021 ж. Арыс қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін Арыс қалалық мәслихатының громатасымен марапатталды.
- 2022 ж. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» бағдарласы аясында «Үздік білікті мұғалім-2022» мектепішілік мадақтамамен марапатталды
- 2022 ж. Шымкент облысының «Өрлеу» БАҰО АҚФ басқармасы «Креативті мұғалім-2022» байқауында шығармашылық ізденістері мен заманауи білімді жаңғыртудағы озық идеялы педагогикалық жетістіктері үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2022 ж. Шымкент облысының «Өрлеу» БАҰО АҚФ басқармасы «Мәртебелі ұстаз-2022» облыстық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2022 ж. Түркістан облысының Арыс ауданында биология бойынша өткізілген дәстүрлі пән олимпиадасында шәкірт дайндағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
- 2023 ж. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Мың бала» интеллектуалды «Пед старт-2023» атты шығармашылық байқауына қатысып, І орын дипломмен марапатталды.
- 2023 ж. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» атты І Республикалық байқауына қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін І орын дипломмен марапатталды.